Атырау, 22 желтоқсан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қатыгез жүргізуші итті сүйреп, азаптаған

2 508 рет қаралды
Әлеуметтік желіден алынған видеодан скрин

7 қаңтарда әлеуметтік желіде «Приора» көлігінің жүргізушісі итті көлігіне байлап, Азаттық даңғылымен сүйреп бара жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Жүргізуші жалғыз болмаған сияқты.

Әлеуметтік желіде куәгер әйел «Приораны» қуып жетіп, оның не үшін бұлай істегенін сұрағанда, тағы бір көліктің тоқтағанын жазады. Екі ер адам бейшара жануарды жүк салғышқа салып, кетіп қалған.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, «Приора» жүргізушісінің ұсталғанын, ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

8 қаңтар 2021, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.