
Румыниядағы қазақстандық «Петромидия» мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді.
Бұл туралы "Қазмұнайгаз" Ұлттық компания хабарлады.
Алдын ала бағалауға сәйкес, 2025 жылы Румыниядағы «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 5,88 млн тонна шикізат өңдеу жоспарланып отыр, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 27% жоғары. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 87% деңгейінде күтілуде. Көрсеткіштердің өсуі технологиялық режимдерді оңтайландыру, операциялық тиімділікті арттыру және өңделетін шикізат құрылымын жақсарту есебінен қамтамасыз етілді.
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда едәуір артты: авиациялық отын — 528 мың тонна (өсім 48%); бензин — 1,51 млн тонна (өсім 35,4%); дизель отыны — 2,28 млн тоннаға (өсім 24%) жетті.
Кәсіпорын энергия тиімділігіне ерекше ден қояды, мұны энергетикалық қарқындылықтың (EII) 92,75-ке дейін төмендеуі растап отыр. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында зауыт жарақат алудың «нөлдік» деңгейін және оқыс оқиғалар болмауының тұрақты көрсеткіштерін сақтап келеді.
В Атырау 0