Атырау, 13 қазан 17:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Үкімнен соң: қылмыстық істер жөніндегі соттың баспасөз хабарламасы

2 524 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өз сайтында «нәрестенің өлімі туралы» іс бойынша аяқталған процестің нәтижелері туралы баспасөз хабарламасын орналастырды. Атап айтқанда, айыптау эпизодтары бойынша ақпарат жарияланды.

Кісі өлтіру және қылмыс туралы хабарламау эпизоды бойынша

29 қыркүйек 2019 жылы жәбірленуші Н.Тұрымбетова мерзімінен бұрын босанып қалып, әйел жынысты тірі нәрестені дүниеге әкелген. Қайыржан балаға қарау жүргізіп, директор Нысанбаевтың уақытынан бұрын туылған нәрестеге реанимациялық көмек көрсетуді тоқтату және кейіннен ұрықтың қайтыс болуы туралы медициналық құжаттарға әдейі жалған ақпарат енгізу арқылы оның өлімін анасының құрсағында қаза болғандығы жөнінде шаралар қабылдау, жұмыс статистикасына әсер еткізбеу туралы ауызша нұсқауларын біле тұра, осы заңсыз нұсқаулықты орындап, босану бөлімшесінің акушеркалары Жәмила Құлбатырова және Тұрароваға нәрестеге қатысты құжаттар антенаталды болып толтырылатындығын айтқан. Содан кейін бала залалсыздандыру бөлмесіне орналастырылып, оған медициналық көмек көрсетілмеген. Қайыржан нәрестенің анасына сәбидің қайтыс болғаны туралы хабарлады. 2 сағаттан кейін акушер Құлбатырова бетбелгі бөлмесіне келіп, нәрестенің өмірге құлшынысы бар белгілерін көріп, бұл туралы Қайыржанға айтты. Қайыржан баланың тірі екенін көріп, неонатолог-дәрігерлер Жұмабаева мен Нұрмахамбетовты шақырып, бұл туралы директор Нысанбаевқа хабарлады. Нысанбаев перинаталдық орталықтың статистикалық көрсеткіштерін бұзбау мақсатында, Қайыржанға баланы тоңазытқышқа салуды тапсырды.

Қайыржанның тапсырмасы бойынша Құлбатырова баланы тоңазытқышқа салып, соның салдарынан бала қайтыс болған.

Жұмабаева мен Нұрмахамбетов қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған жоқ.

Сотталушылардың өлтіру және қылмыс туралы хабарламағандары зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, куәлардың жауаптарымен, телефон арқылы сөйлескен әңгімелердің стенограммасымен, Нысанбаев пен Қайыржанның жаңа туған нәрестені өлтіру әдісін талқылауы жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде жазылған аудиожазбалармен, бейнетаспалармен толықтай өз дәлелін тапты. Дауыстардың сотталушыларға тиесілігі сарапшылармен расталды. Сот-медициналық сарапатаманың қорытындысы бойынша, төмен температуралы тұйық кеңістікте болған кезде баланың оттегі жетіспеушілігінен қайтыс болуы анықталды.

Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану эпизоды бойынша

2019 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 13.20 шамасында жәбірленуші Молдагалиеваның баласы тірілей дүниеге келіп, кейін перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны анықталды.

Нысанбаевтың нұсқауы бойынша босану журналына баланың өлі туылғаны туралы жазба енгізілді.

Нысанбаевтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, Нысанбаев пен патологоанатомиялық бюроның бас дәрігері Молдағалиевтің арасындағы телефон әңгімелерінің аудиожазбасымен расталады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен Молдағалиеваның сәбиі тірі туылғаны анықталды.

Пара беруге оқталу эпизоды бойынша:

2019 жылғы 31 тамызда Нысанбаевтың алдын ала келісім бойынша куәгер Төлегенмен кездесіп, перинаталды орталықта өлі босанған әйел Ережеповаға қатысты сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша оң шешкені үшін 300000 теңге салынған конверт бергені анықталды. Алайда Төлеген оны алудан бас тартты.

Бұл жағдайлар куәгердің айғақтарымен, телефон әңгімелерінің аудиожазбасымен расталды.

Пара алу айыбы бойынша:

Нұрмұхановтан 10000 теңге, Абілхайрдан 2000 теңге, Есжановтан 10000 теңге пара алды деген айып өз дәлелін тапқан жоқ. Ақша қаражаты алынған жоқ, берілген заттар бейнежазбада көрінген жоқ.

Дәрігер-зертханашы Салимоваға 1 139002 теңге сомасындағы жалақыны негізсіз аударған деген айып расталған жоқ. Дәрігер науқастарды қабылдау жүргізгені анықталды.

19 қаңтар 2021, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.