Атырау, 28 наурыз 16:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

№ 5 үйдің жапсармасына қатысты жанжал: әкімдік өкілдері сотқа баруға кеңес берді

Сурет Бейнежазба
2 975 просмотра

20 қаңтарда Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі №5 үйге жалғанған жапсарманың жанына тағы да үй тұрғындары жиналды. Оларға МСҚБ басқармасының бастығы Ринат ЖАНГЛИШОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДЕНОВ келді. Құрылысты бастаған 1-қабаттағы пәтер иелері ақыры жиналысқа келмеді.

Тұрғындар жалғама құрылысына қарсы уәждерін қайталады: ескі панельді үйдің салмақ көтергіш қабырғасынан есік шығаратын болса, үй оған төтеп бере алмайды.

- Пәтер иелері терезені бұзбай, есік шығармай құрылыс салуға рұқсат алды. Сәулет бөлімінде құжаттар бар, біз оларды тексердік, ол жерде ойық жасауға қатысты заң бұзушылық көрсетілмеген. Барлық құжаттарды тексеріп, тиянақты жауап береміз, - деп сендірді Р.Жанглишов.

Үйге кіретін есігі жоқ құрылыс салудың мәнісі жоқ қой деп, оның сөзіне бәрі таң қалды. Сондықтан тұрғындарда МСҚБ басқармасына эскиздің дұрыс емес нұсқасы берілген-ау деген күдік туды. Тұрғындар Жанглишовқа есік ойығы мен оң қорытынды жасалған экскиз жобасын көрсетті. Соңғы құжаттағы түсініксіз жері – мақұлданған жобада үлкен панельді үй пәтерлерінің салмақ көтеретін қабырғаларына ойық жасап, қайта жобалауға жол берілмейтіні туралы айқын жазылған.

С.Емберген мен Е.Қабденов тұрғындардың өтініші бойынша болса да, құрылысқа тыйым салуға немесе тоқтата тұруға құқығы жоқ екенін айтты. Өйткені мұндай әрекет кәсіпкердің құқығын бұзады. Олардың ақпараты бойынша, бұл нысан иелері қазіргі уақытта басқа қалада емделіп жүр, Атырауға келесі аптада ғана келеді екен. Көршілері пәтер иелерінің күн сайын құрылыс алаңына келіп, жұмыс барысына бақылау жасайтынын айтады. Ең болмағанда құрылысшылармен тілдесе алмадық. Олар жиналыс басталмас бұрын «сақтықпен» құрылыс алаңынан кетіп қалған.

Әкімдік өкілдері үй тұрғындарына бұл мәселені сот арқылы шешуге кеңес берді.

- Оларға заңсыз рұқсатты сіздер бересіз де, біз сіздердің әрекетіңізге дауласып, уақытымыз бен жүйкемізді құртуымыз керек пе?! – деді тұрғындар наразы болып.

Осымен жиналыс аяқталды, ал бір сағаттан соң №5 үйдің тұрғындары маған құрылысшылар жұмыстарын жалғастырып жатқаны туралы видео жолдады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 қаңтар 2021, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.