Сұрақ-жауап Тауарды сындырып алмаңыз – Супермаркеттердегі сынып қалған тауарларға қатысты жағдайлар заңмен қалай реттеледі? Полицияның қатысуы және хаттама толтыру міндетті ме? Қандай жағдайда сатып алушы зиян төлеуге міндетті? 15 қаңтар 2015, 00:00 2 669 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Жариялау» операциясы (жалғасы) Жариялау процесі туралы тұрақты түсіп тұратын сұрақтарға Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бастығы Батырбек ЮСУПОВ жауап берді. 25 желтоқсан 2014, 00:00 2 072 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мәртебе бойынша тиесілі – Мен басқа елдің азаматымын. ЖШС құрылтайшысы болып табыламын. Қазақстан Республикасында мекендеу құжатын (ықтиярхат) алғаннан кейін құрылтайшы ретінде менің мәртебем қандай болмақ? Осы ЖШС қазақстандық бола ма, әлде шетелдік қатысы бар ЖШС болып қала ма? ЖШС жарғысына өзгерістер енгізу керек бола ма? 25 желтоқсан 2014, 00:00 2 006 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарақшылармен күрес – ҚР ӘҚтК жаңа редакциясында авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу туралы баптар алынып тасталған. Авторлық құқықтар қалай қорғалады? 27 қараша 2014, 00:00 2 650 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ескек есу спортына қолдау қажет – Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты. 13 қараша 2014, 00:00 2 350 рет қаралды
Сұрақ-жауап Баспана бабы - «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне» 18 жастан бастап салымшы болып, тұрғын үй кезегіне тұруға бола ма? Егер мұндай бағдарлама болса, оның талаптары қандай? Қандай құжаттар жинау керек? Оларды қайда тапсыру керек? 30 қазан 2014, 00:00 5 251 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қоршау ішіндегі спорт – Өткен жылы педагогикалық колледж жанына тренажерлар орнатылды. Оны оқу орнының студенттері де, жақын маңдағы Азаттық даңғылы бойындағы №134, №136, №138 үйлердің тұрғындары да пайдаланатын. Таяуда колледж әкімшілігі осы тренажерларды қоршап тастады. Енді оқу орнының қарауылы бізге тренажерларда жаттығуға рұқсат бермейтін болды. Тренажерлардың колледжге ме, әлде қалаға ма, кімге тиесілі екенін анықтауға көмектессеңіздер екен. 23 қазан 2014, 00:00 2 175 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сыпырғыш та, күрек те жоқ – Қазір жоғары технология ғасыры. Ал, бізде қаланы тазалау үшін бұрынғыша өте ескі техника жұмыс істейді. Көшелерді сыпырғышпен сыпырады. Нәтижесінде қоқыс жиналып, тұрғындар шағымданады, қала лас... 9 қазан 2014, 00:00 5 033 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ауылдар тазалықты талап етеді – Қала маңындағы поселкелерге, мәселен, Дамбы селосы мен басқаларына қоқыс контейнерлері қашан орнатылатынын айтсаңыздар екен. Орнатылады деп уәде бергендеріне көп болды, әзірге өзгерген ештеңе жоқ. Тұрғындар қоқысты көліктерімен қалаға тасудан шаршады. Өйткені, қоқыс шығаратын көліктер ауылға аптасына тек бір рет келеді. 9 қазан 2014, 00:00 2 094 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тәлім ақша жинаудан басталады – Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 1 901 рет қаралды
Сұрақ-жауап Арендалық тұрғын үйді қалай жекешелендіреді? - Нұрсая ықшамауданындағы арендалық пәтерлерді жекешелендіру (сатып алу) үшін қалалық әкімдікке қандай құжаттар тапсыру керек? 4 қыркүйек 2014, 00:00 8 863 рет қаралды
Сұрақ-жауап Баспана алар кез жақындады – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ҚТҚЖБ) «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша, атап айтқанда, ІІ топ бойынша – «азаматтардың барлық санаты үшін» өтініштер қабылдамайды. Жыл басынан бері осы топ бойынша құжаттарды қабылдауды әкімдікке сілтеп, кейінге қалдырып келеді. Мен баспанаға кезекте 2 500-ші болып тұрмын. Баспанаға өте мұқтажбын және ҚТҚЖБ-ға көп үміт артамын. Азаматтардың барлық санаты үшін «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына өтініштерді қабылдау қандай себеппен тоқтатылғанын түсіндірсеңіздер екен? 26 маусым 2014, 00:00 3 735 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу есептегіштің тиімділігі – Тұтынушы үшін жылу энергиясының есептегіші шынымен де тиімді ме? 26 маусым 2014, 00:00 4 124 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өтініш мерзімі ескірген – 2012 жылы мен «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 млн теңге алу үшін «Индер Мақсатқа» құжаттар тапсырдым. Әлі күнге дейін жауабын күтіп жүрмін. Менің ұлттық кәсіпкерлер палатасына қояр сұрағым бар. Өтініштерді қарау мерзімі қандай? 29 мамыр 2014, 00:00 1 935 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Қолжетімді баспана» кімге қолжетімді? - Сатыбалдиев көшесіндегі №25 үй, Жарбосынов көшесінде орналасқан №83 В және №85 үйлер, Нұрсая ықшам ауданындағы №66 үй қашан пайдаланылуға беріледі? - Бұл тұрғын үйлер бүгінгі күні құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Тұрғын үйлер толықтай Әділет Департаментіне тіркелгеннен кейін жас отбасыларын пәтерге қоныстандыруға болады. 15 мамыр 2014, 00:00 4 439 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарулы ханым – Алты жыл бұрын өзімді қорғау мақсатында электрошокер сатып алдым. Жақында электрошокерді алып жүру үшін атылатын қару секілді рұқсат керек екенін білдім. Осы рас па? Бұл рұқсатты алудың қажеттілігі қандай? Менде электрошокердің ешқандай құжаттары сақталмаған болса, маған рұқсат бере ме? 10 сәуір 2014, 00:00 2 313 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салық төлейтін уақыт – 2013 жылдың сәуірінде мен 8 жарым миллион теңгеге пәтер сатып алдым. Сол кезде доллармен есептегенде бұл сома 53 000 АҚШ долларын құрады. Алған уақыттан бастап (2014 жылдың ақпанында) жыл ішінде мен пәтерді 9 265 000 теңгеге саттым. Бұл долларлық баламамен (девальвация салдарынан) 50 000 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда келісімдер теңгемен жүзеге асырылатындықтан, менде ұлттық валюта жағына қарай көбею тұрғысында айырмашылықтар болды. Бірақ іс жүзінде мен оны сатып алғаннан гөрі арзанға саттым. Оның үстіне Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бүкіл бағалар АҚШ долларымен белгіленеді. Осы жағдайда теңге айырмашылығынан табыс салығын төлеуге тиіспін бе? 3 сәуір 2014, 00:00 2 197 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлік жоқ, салықтар бар – Марқұм күйеуімнің ескі «Запорожец» көлігі бар болатын. 2001 жылы ол бас сенімхатпен машинасын ағасына берді. Ағасы да қазір о дүниелік болды. Тірі кезінде машинаны бұзып, қосалқы бөлшектерге сатқан болатын. Бірақ маған әлі күнге дейін салық басқармасынан осы көлік үшін салық төлеу туралы хабарлама келеді. Мен жол полициясы басқармасына бірнеше рет бардым, сотқа үш мәрте жүгіндім. Қай жерде де бір жауап: осы көліктің қандай болмасын құжаттарын табу керектігін айтады. Ал менің қолымда «Запорожецтің» бірде-бір қағазы да, күйеуімнің ағасына жазған бас сенімхаты да жоқ. Тек қайтыс болғандығы туралы екі куәлік қана бар. Мен нотариалдық палатада болып, 2 мың теңге төледім, бірақ ол жерде де осы құжаттың көшірмесін таба алмады. Ондағылар көшірменің 6 жыл сақталатынын айтты. Көліктің көптен бері жоқ екенін қалай дәлелдей аламын? 20 наурыз 2014, 00:00 3 299 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі де ақылы – Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар? 19 ақпан 2014, 00:00 1 849 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келісім-шартта көрсетіледі – Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз? 30 қаңтар 2014, 00:00 1 594 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таласқа түскен жер – Үш жыл бұрын жер телімін сатып алдым. Бірақ қаржылық жағдайға байланысты үй құрылысын биыл ғана бастадым. Өз жер теліміме келіп, онда үй салынып тұрғанын көргенде, таң қалдым. Көршім бәрін шатастырып алыпты. Мемлекеттік акт бойынша оған менің жерімнің қасындағы телім тиесілі. Мен оған жер телімімді сатып алуды ұсындым, бірақ ол үйді аяқтап қалғанын айтып, бас тартып отыр. Бұл жағдайда қалай болмақ? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 285 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дивидендтер болашақта болады - 1993 жылы ата-анам АМӨЗ-дің қарапайым (артықшылық берілген емес) акцияларын сатып алды. Олар дивидендтерді тек бір-ақ рет - 1998 жылы алды. АМӨЗ ЖШС болып қайта құрылғанда, мен 30 мың төлеп, құжаттарымды кері ресімдедім. Неге 20 жыл ішінде қарапайым акциялар бойынша дивидендтер бір рет төленді? Осы акциялар бойынша дивидендтерді төлеу қашанға жоспарланып отыр? Олардың құны бар ма? 21 қараша 2013, 00:00 2 296 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кері жол жоқ – Анамыз қайтыс болғаннан кейін пәтері қалған еді. Біз оны онымен бірге тұрған ініміздің атына ресімдегіміз келеді. Мұны қалай жасауға болады? – 2003 жылы күйеуіме әкесінен мұраға пәтер қалған болатын. Күйеуімнен басқа тағы мұрагерлері болды. Анасы мен әпкесі пәтердің отбасындағы жалғыз ұлға тиесілі болуына қарсы болмай, күйеуімнің пайдасына өз үлестерінен бас тартқан болатын. Енем 2011 жылға дейін осы пәтерде бізбен бірге, күйеуімнің әпкесі өз отбасымен бөлек тұрды. Содан кейін енем қызына көшіп баруды ұйғарды. Қазір біз пәтерімізді сатып, жаңа үй алуды немесе салуды шешкен едік. Бірақ күйеуімнің анасы мен әпкесі қарсы болып отыр. Олар өздеріне үлестерін төлеуді талап етіп, сот арқылы мұрадан бас тарту шешімін жоямыз деп қоқан-лоққы танытып отыр. Олар бұлай жасай ала ма? 31 қазан 2013, 00:00 2 394 рет қаралды
Сұрақ-жауап Несие шырғалаңы – 2007 жылы банктердің бірінен 2024 жылға дейінгі мерзімге жер телімі бар тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңге несие алғанмын. Банкке кепілзат ретінде алып жатқан жер телімі бар тұрғын үйді салдық. Бастапқы кезде несиені кесте бойынша уақытында төлеп тұрдым. Бірақ содан кейін декреттік демалысқа шығуыма және күйеуімнің науқасына байланысты несиені уақытында төлей алмадым. Уақытында төлей алмау себебім туралы банкке жазбаша түрде хабардар еткен едім. Жақында банктің мені сотқа бергендігі туралы хабарлама келді... 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 582 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа есептегіш әзір болмайды – Жақында «АтырауЭнергоСату» ЖШС бақылаушылары бізге есептегішіміздің жарамсыз екенін, дискінің жәй жүретіндігі байқалатынын айтты. Толтырылған актіге олар есептегіш аспаптың, атап айтқанда СОИБМЗ-2003 аспабының бекітілген мемлекеттік өлшем құралдарының тізіліміне енгізілмегенін жазып, бізді 10 күн ішінде ауыстыруға міндеттеді. Есептегіш аспаптың көп жыл жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, енді аяқ астынан оның мемлекеттік тізілімге енбей қалғаны анықталғаны қалай? Ендеше ол қалай орнатылған және бақылаушылар оны қалай есепке алған? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 548 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үш жылға дейін жүре бер - Шілденің аяғында автосалоннан 2013 жылы шыққан автокөлік сатып алдым. Техпаспорт, мемлекеттік нөмір алдым, сақтандыру бетшесін ресімдедім, 2013-тің соңына дейін көлік салығын да төлеп қойдым. Биыл техникалық байқаудан өтуім керек пе? Егер керек болса, қанша мерзімге? 29 тамыз 2013, 00:00 2 358 рет қаралды
Сұрақ-жауап Адал нотариус - Біз жер телімін алғанбыз. Сатып алу-сату мәмілесін демалыс күні нотариустан жасадық. Рәсім барысында сатушы ХҚКО-дан бір күн ғана әрекет ететін сатып алатын жерінің мүліктік ауыртпалығы жоқтығы жөнінде анықтаманы сол демалыс күні алғаны бізді таңғалдырды. Сондай-ақ мәміле жасау аяқталғаннан кейін нотариус бізге жердің мемлекеттік актісінің түпнұсқасын емес, көшірмесін бергені түсініксіз болды. Сонымен қатар нотариус жер телімін тіркеуді де осы кеңседен жасауды ұсынды. Мұның бәрі қаншалықты заңды? 1 тамыз 2013, 00:00 3 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап Уақытпен бірге нық қадам - Ескі сипаттағы теледидарлар сандық теледидар сигналдарын қабылдай алмайтыны рас па? Егер алға қарай сандық көрсетілімге көшетін болсақ, қазірден бастап жаңа теледидар сатып ала берген дұрыс па? 1 тамыз 2013, 00:00 2 227 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тыныштық керек – 2012 жылдың қазанында пәтер сатып алған едік. Қоныс-танғанымыз сол еді, бізді Каспий банктен қоңырау шалып, мазалай бастады, олар борышкерді іздейді екен. Біз әлденеше рет банк қызметкеріне олар іздеген адамның бұл пәтерде ешқашан тұрмағанын түсіндірдік. Бірақ қоңыраулар толастар емес. Бізді жайымызға қалдыру үшін не істеуге болады? 20 маусым 2013, 00:00 2 143 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Плавикс» тек жүрек ауруларына тиесілі – Менің сирақ-тобық буыныма шунтирлеу операциясын жасады. Мен «Плавикс» препаратын тегін алуға құқылымын ба? – Қарашаның аяғында жүрегіме шунтирлеу операциясын жасаған еді. Сол айда маған «Плавикс» препаратын тегін берді. Кардиолог оны үнемі қабылдауға тиіс екенімді айтты... 16 мамыр 2013, 00:00 2 342 рет қаралды
Сұрақ-жауап ТШО тартуы – Балаларымыз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Біз өзіміз Нұрсаяда тұрамыз. 2012 жылдың ақпанында ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында Нұрсаяда гимназияға арналған жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды. Алайда мектеп салу үшін таңдалған жер телімінде жерасты сулары жоғары деңгейде болып шықты деседі. Гимназия құрылысына қатысты жағдай қазір қалай? Біздің ауданда қандай мектеп және мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады? 16 мамыр 2013, 00:00 3 016 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тыйымның көмегі бар – Күйеуім екеуміз ажырасқалы жатырмыз. Бүкіл мүлік күйеуімнің атына ресімделген. Ол менің келісімімсіз пәтерді немесе көлікті сатып жібере ме деп алаңдаймын. Өйткені келісімшарт жасау кезінде нотариустың отбасылық жағдайы туралы сұрағына ол ешкіммен некеде жоқпын деп жауап беруі мүмкін ғой. Нотариустар келісімшарттар жасағанда ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі қажет болса, азаматтардың отбасылық жағдайын қалай тексере алады? 18 сәуір 2013, 00:00 2 795 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұл тек басы ғана... – Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек? 21 ақпан 2013, 00:00 3 368 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қамқорлыққа алынған мектептер – №21 мектептегі жөндеу жұмыстарынан кейін бізді, мұғалімдерді 3 мың теңгеден дәліздегі стендтерге ақша беруге мәжбүрлеп отыр. Өз есебімізден сыныптарды безендіруге: жалюздер, көрнекі құралдар мен басқа да нәрселерді сатып алуға міндеттеді. «Ата-аналардан немесе өздерің жинаңдар» деді. Неліктен мұны өз қаржымыздан жасауға мәжбүрлейді?.. 14 ақпан 2013, 00:00 2 119 рет қаралды
Сұрақ-жауап Егеуқұйрық, тышқан бар ма? – Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 465 рет қаралды