Атырау, 27 желтоқсан 01:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тауарды сындырып алмаңыз

2 536 просмотра

– Супермаркеттердегі сынып қалған тауарларға қатысты жағдайлар заңмен қалай реттеледі? Полицияның қатысуы және хаттама толтыру міндетті ме? Қандай жағдайда сатып алушы зиян төлеуге міндетті?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово защиты»  адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА комментарий берді:

– ҚР Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады.

Ал, АК-тің 446-бабында егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледі делінген. Сіз егер оны абайсызда сындырып (бүлдіріп) алған жағдайда сынған (бүлінген) тауар үшін төлеуге міндетті емессіз. Мәселен, сатушы тауарды ұқыпсыз, ыңғайсыз орналастырған болса, еден тайғақ болса және т.б. Өйткені, сіз тауар үшін ақы төлегенше, ол дүкеннің меншігі болып табылады және барлық жауапкершілік толықтай дүкенге жүктеледі. Соның ішінде, тауардың бүлінгендігі үшін де. Сіздің тарапыңыздан тауарды қасақана сындыру әрекеті орын алған жағдайда оқиға полиция қызметкерлерінің қатысуымен және сізді қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес тиісті жауапкершілікке тартумен шешіледі.

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.