Атырау, 27 желтоқсан 15:46
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Арендалық тұрғын үйді қалай жекешелендіреді?

8 399 просмотра

- Нұрсая ықшамауданындағы арендалық пәтерлерді жекешелендіру (сатып алу) үшін қалалық әкімдікке қандай құжаттар тапсыру керек?

azh.kz сайтынан

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап береді:

- Тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін өтініш беруші тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өздері тұратын үй-жайларын жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш; 2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не төлқұжаттарының көшірмелері; 3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері; 4) жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің көшірмелері; 5) аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы); 6) анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы; 7) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады; 8) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат; 9) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады.  ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 101-бабына сәйкес, Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте,мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ, еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша: 1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша; 2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты; 3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларына сәйкес жұмыспен қамту іс-шараларына белсенді қатысушыларына қызметтік тұрғын үй ретінде берілген тұрғын үйлерді ҚР азаматтары осы тұрғын үйде бес жылдан кем емес уақыт тұрған болса, қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Заңның 98-бабына сәйкес, Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Заңның 13-бабына сәйкес, Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi осы Заңда көзделген шарттармен қалдық құны бойынша жекешелендiруге құқылы. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi. ҚР азаматтары ҚР аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек бір ғана тұрғын үйді жекешелендіре алады.

Тұрғын үйді жекешелендіруге болмайтын жағдайлар: 1) жекелеген жалға алу шарттарына сәйкес бірнеше жалға алушы жалдап отырған үй жалға алушылардың бірінің сатып алуға қарсылығы болған кезде; 2) уақытша құрылыс кезінде; 3) белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтін үйлер; 4) алға қарай тұруға жарамсыздығына байланысты адам тұрмайтын орынжайларды кері жабдықтауды қажет ететін; 5) әскери қалашықтар, шекара заставалары және басқа да жабық нысандардағы үйлер; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы үйлер; 7) күрелетін үйлер; 8) ҚР азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан пайдалану үшін берілген тұрғын үйдің ҚР заңнамалары белгілеген тәртіпте апатты деп танылған үйлер; 9) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне тұрғын үй қорынан берген үйлер, «ҚР арнайы мемлекеттік органдар туралы» заңы қарастыратын жағадайлардан басқа.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, арендалық тұрғын үйді сатып алу бағасы 1 шаршы метрге 80-90 мың теңгенің айналасында (мәселен, Нұрсая ықшамауданындағы 3 бөлмелі пәтердің ауданы 90 шаршы метрді құрайды, яғни, пәтердің құны шамамен 7,2 млн-нан 8,1 млн теңге болады – ред). Кез келген ғимарат физикалық тозуға ұшырайды, яғни, табиғи, климаттық және басқа да факторлардың әсері нәтижесінде алғашқы техникалық-қолданыс сапаларын жоғалтады. Осыған байланысты жекешелендіру кезінде тұрғын үйдің алғашқы құны ғимараттың физикалық тозуын есепке ала отырып анықталады. Жалға алушы төлеген қаражат қалалық бюджетке түседі. «Атырау қаласы үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің пайдалану шығындарына төлем жасау жекешелендірген үйлерден де, жекешелендірілмеген үйлерден де белгіленген тариф бойынша жүргізілетін болады.

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.