– ҚР ӘҚтК жаңа редакциясында авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу туралы баптар алынып тасталған. Авторлық құқықтар қалай қорғалады?
Телефон арқылы
Сұраққа облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің жетекшісі Мәди МҰХСАНОВ жауап берді:
– 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы» деген 129-бап алынып тасталған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясы күшіне енеді. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдаланғаны үшін, яғни, өткiзу контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында электрондық форматтағы туындылардың даналарын айырбастауға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу мақсатында интернетке орналастырғаны үшін енді 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде немесе жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұлармен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 145-бабы бойынша бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдаланған жағдайда әкімшілік материалдарды қарау және айыппұлдар салу әділет органдарының құзырына кіреді.