Атырау, 23 желтоқсан 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қоғам

Шипа іздеп шетел асқан Ерлан Қоғам

Шипа іздеп шетел асқан Ерлан

Бірнеше жыл бұрын осынау қол-аяғы балғадай жас жігіттің жілік майын ауыстыруға қатты мұқтаж болғандығына сене қою қиын. Бағына қарай, Израильдегі операция сәтті өтіпті. Алайда шетелде емделуге мемлекеттік жеңілдік алу үшін оған бірнеше жылын сарп етуге тура келген. Жігіттің жолы болыпты. Өз кезектерін күте алмай, бақилық боп кеткендер қаншама... 2 маусым 2011, 03:08 6 514 рет қаралды
Зағиптардың асқақ  арманы Қоғам

Зағиптардың асқақ арманы

– Аса бір қызығушылықпен  көрпе көктеп отырған жұмысшылардың бірінен : « Сіздің есіміңіз кім?» – деп сұрадым. Ол менің сұрағыма елең ете қоймады.  Ештеңе болмағандай, көзін төбеге қадаған қалпы алдындағы көрпесін тігуді жалғастыра берді. Біртүрлі ыңғайсыз болып қалды. «Кешіріңіз!»- мен оны қолынан тарттым. Әлгі ер адам ұйқысынан оянғандай мен жаққа   басын бұрды.  «Сіз менімен әңігмелесіп тұрсыз ба? – кенет  оның жүзіне күлкі үйірілді, Ал, мен оны түсінбей қалдым...». 2 маусым 2011, 03:52 5 675 рет қаралды
Подиумда – балалар Қоғам

Подиумда – балалар

Үлкендер балаға «Сен өскенде кім боласың?» – деген сауал қойып, балалардың мазасын алғанды ұнатады. Енді, міне, Атырауда алғаш рет өткізілген сән үлгілерін көрсетуге қатысқан тұлымшағы желбіреген қыздар мен жеткіншектердің бұл сауалға айтар жауабы әзір. Осынау салтанатты шеруден соң сұрап көріңіз, кәне? Әрине, супер модель болады! 2 маусым 2011, 17:38 4 880 рет қаралды
Жақсы ат бермейтін жұмыс Қоғам

Жақсы ат бермейтін жұмыс

Настяның жертөле масаларын қалай улағаны туралы Бастапқыда масаларды кім және қандай әдіспен жоятынын жай ғана білгім келген.  Бақбақ түстес дезинфекциялық киім-кешектер мен жабдықтарды қалдырып, «қане, киіміңізді ауыстырыңыз» деген кезде, «мені түсінбеген сияқты...» – деп,  абыржыған күйде міңгірлеп қалдым. 26 мамыр 2011, 02:08 3 808 рет қаралды
Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев Қоғам

Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев

Жылыой ауданының тумасы Абдулла ӘБДІРАХМАНОВ - сталиндік репрессия жылдарының көзі тірі куәгері. Жасы 90-нан асқан ақсақал әлі тың, айтары да мол. Алайда ең бастысы  оның  соғыстан кейінгі сталиндік лагерлерде қазақтың біртуар зиялысы Мағжан Жұмабаевпен бірге отырғанын біреу білсе, біреу білмес.  Бәрін ретімен баяндалық. 26 мамыр 2011, 15:46 16 398 рет қаралды
Қайықпен кел, қалқатай... Қоғам

Қайықпен кел, қалқатай...

Жайықтың арғы бетіндегі 5 мың халық Махамбет ауданының орталығына келіп қатынауда үлкен кедергіге тап болып жүр. Ал жаяу жүргіншілердің жолсерігі болған қайық қатынасы екі күннің бірінде бағасын өзгертіп, 5 минуттық жерге 200 теңгеге дейін төлеуге мәжбүр етеді. Бұл халықтың қалтасына салмақ түсіріп отыр. Осы тұрғыда арыз - шағым да аз емес. 26 мамыр 2011, 16:49 3 964 рет қаралды
«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды) Қоғам

«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды)

Доссорлықтар күкірт тиелген составты Теңіз кенішіне қайтарып жіберді 5-мамыр күні күндіз Доссор поселкесінің наразылық білдірген 500 шақты тұрғыны вокзал жанындағы магистральды теміржолдың қозғалысын бөгеп, тауар және жолаушылар таситын пойыздардың қозғалысын 2,5 сағатқа тоқтатып тастады. 11 мамыр 2011, 17:21 4 998 рет қаралды
Көп балалы жас жанұяда қонақта Қоғам

Көп балалы жас жанұяда қонақта

Жақында менің сұхбаттасушымды ешқандай да пикет ұйымдастырмаса да облыстық әкімдік үйіне кіргізбеген. «Ақ үйдің» күзетшілері өз алдарында тұрған жас әйелдің алты баланың анасы екендігіне көпке дейін сене қоймаған. 11 мамыр 2011, 18:47 8 210 рет қаралды
Адасып кеткен асфальт Қоғам

Адасып кеткен асфальт

СМП-136 ықшам ауданындағы жеке тұрғын үй секторы тас жолға сұранып-ақ тұр. Мұнда шамамен 100 шақты үй бар. Олардың біразының мұнда тұрып жатқандарына жарты ғасырдан асса, кейбіреулері жерді 2000 жылы алған. Бір қиыны, тұрғындар содан бері қарай асфальт төселген жолды аңсаумен күн кешіп келеді. 11 мамыр 2011, 17:16 4 045 рет қаралды
Қоғам

«Шаңырақтағы» кісі өлімі: «Оны осы жағдайға жеткізді»

«Шаңырақ» вахталық поселкесінде наурыз айында орын  алған өз-өзіне қол жұмсау оқиғасының егжей-тегжейі анықтала бастады. Марқұмның отбасы Атырау облысының құқыққорғау органдары мен ҚР Бас прокуратурасына арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап еткен еді. 4 мамыр 2011, 18:56 3 868 рет қаралды
Алқа билер соты: кино және өмір ақиқаты Қоғам

Алқа билер соты: кино және өмір ақиқаты

Күндердің күнінде атыраулық бір жігіт көршісінің есігін қағып, содан соң оны өлтіріп, барлық бағалы заттарын алып кеткен. Кейінірек анықталғандай, кәмелетке толмаған бозбала өзінің кәмелеттік жасын керемет қып тойлағысы келген екен. Алқа билер жылы шырай танытар деп үміттенген айыпталушы соттың осы түрін таңдапты. 12 бейтаныс жан шынымен де оның сенімі мен оның өзін ақтап шыққан. Рас, іс қайта қарауға жіберілген. Қалай дегенмен де кісі өлімі орын алды ғой. Екінші рет жігіт тағы  алқа билер сотын таңдайды. Бұл жолы ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 4 мамыр 2011, 15:23 4 531 рет қаралды
Қоғам

Өндірісте қиылған өмірлер

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын өндірістік зақымдар мен аурулардан 2,5 млн. адам қайтыс болады екен. Қазақстанда өндірістік зақымнан 2009 жылы 346 адам, 2010 жылы 363 адам қаза болған. Атырау облысында 2010 жылы 60 қайғылы оқиға орын алып, 8 адам қаза болған, 57 адам жарақат алған. Бұл цифрлар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинарда айтылды. 4 мамыр 2011, 15:48 3 329 рет қаралды
Қоғам

Дәрігер қызметіне шағымды тәуелсіз сарапшылар қарайды

Денсаулық сақтау саласындағы өрескел фактілермен бетпе бет келген оқырмандар редакцияға тұрақты шағымданып отырады. Шағымдардың басым бөлігі негізді боп келеді. Таяу уақытта Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің шағымдары бойынша медициналық сараптама жасауды тәуелсіз сарапшыларға сеніп тапсырыпты. 28 сәуір 2011, 13:41 3 954 рет қаралды
Сәнқой Наташа және басқалары Қоғам

Сәнқой Наташа және басқалары

Оның аңқылдаған да ашық күлкісі «Дина» базарындағы барлық сауда жасаушылардың назарын өзіне еріксіз аударады. Бұл - сәнқой Наташа. Оны бұл жерде білмейтін адам жоқ. Ол ерекше мейірімді және адамдармен тез тіл табысады. Сатушы қыздар оны өздерінің сөрелеріне шақырып, әңгіме-дүкен құрса, ерлер жағы оны көлденең  бейбастақтардан қорғайды. 28 сәуір 2011, 14:46 3 758 рет қаралды
Пикетшілерді полицейлердің  «Нивасымен» алып кетті (толықтырылды) Қоғам

Пикетшілерді полицейлердің «Нивасымен» алып кетті (толықтырылды)

25-сәуірде облыстық әкімдік үйіне кірер есік алдында төрт адамнан құралған топ пикетке шықты: 40 жастағы мұғалім Райхан Әлиханова өзінің үш баласымен биліктен өзінің басындағы тұрғын үй мәселесін шешіп беруді талап етті. 27 сәуір 2011, 15:48 3 332 рет қаралды
Бюджет қаржысын жалмаған шатыр Қоғам

Бюджет қаржысын жалмаған шатыр

Таяуда күшті желдің салдарынан Индербор поселкесінің Тайсойған көшесіндегі №9 үйдің шатырының бірнеше кірпіші ұшып кеткен болатын. Бұл аудан орталығындағы бірқатар үйлердің шатырының «сәтсіз» жөнделуіне байланысты орын алған бұлыңғыр хикаяны еске түсіруге мәжбүр етті. 27 сәуір 2011, 20:59 7 833 рет қаралды
Диаровтар: отбасылық портрет Қоғам

Диаровтар: отбасылық портрет

ҒАЛЫМНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ Академик өзінің балалық шағы жайлы тек үшінші кездесуімізде ғана шешіле әңгімеледі. Оның себебін мен өзімше ұқтым. Ауыр да болса сол бір алыс бала күндер Мұфтах Диаров үшін ең асыл, ең қасиетті. Сондықтан сол тұнығын көпке жария еткісі келмейтіндей. 20 сәуір 2011, 18:39 5 174 рет қаралды
Қоғам

Атырауда жастардың қызмет ету күні өтті

Өткен демалыс күндері атыраулық мектептердің жоғары сынып оқушылары алғаш рет 1988 жылы құрылған Бүкіләлемдік жастардың қызмет ету күнін атап өтті. Бұл шара «Ақпараттық технология ғасыры» деп аталатын Айрекс бағдарламасы аясында болды. 20 сәуір 2011, 20:02 3 199 рет қаралды
ҰБТ: тексеру күшейтілді Қоғам

ҰБТ: тексеру күшейтілді

Облыстық әкімдікте ҰБТ-ге қатысты мәжіліс болды. Биылғы жаңалықтардан: Ғылым және білім беру министрінің 2010 жылғы 9 шілдедегі №396 бұйрығымен «Алтын белгіден» үміткер мектеп түлегі тест жүргізілген пәндердің бірінен 1 баллы жетпей қалса, үздік аттестат алады. Бұрын мұндай жағдайда олар әдеттегі аттестат алып келді. 20 сәуір 2011, 21:51 6 113 рет қаралды
Көзге көрінбейтін мамандық Қоғам

Көзге көрінбейтін мамандық

«Телевизиялық оператор – телевидениеде ең басты рөлді атқарады. Онсыз жаңалық та,  эфир де жоқ. Дайын бейнематериал болмағандықтан бәрі бекер». Бұл «Қазақстан-Атырау» телеарнасының аға телеоператоры Талғат ҚУАНЫШЕВТЫҢ (суретте) пайымы. Талғатты бүгінде облысымызда халықтың көбі таниды. Оның арнайы дипломы болмағанымен, жиырма жылдық тәжірибесі бар. Ол өз ісіне құлай ғашық, бір мүлт кеткен кадр үшін уайымға салынады. Бұл журналистен кейінгі жаңалық жаршысына айналған телеоператор мамандығына тән қасиет. 20 сәуір 2011, 22:44 8 218 рет қаралды
Қоғам

Бес оқушы ақшалай сыйлық алды

Сәуірдің 12-сі күні «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында Орталық Азиядағы Еуразия қорының «Болашаққа сеніммен» атты білім беру жобасының бір жылдық қорытындысы жарияланды. Аталмыш жоба өз жұмысын Атырау қаласында былтырғы жылдың мамыр айында бастады. 14 сәуір 2011, 18:02 3 935 рет қаралды
Жазғы демалысқа қам жасадыңыз ба? Қоғам

Жазғы демалысқа қам жасадыңыз ба?

Сәуірді енді ғана орталағанымызға қарамастан, туристік фирмалар турларды ертерек брондау жөніндегі акцияларды аяқтап тастапты. Енді үнемшіл туристерге ғаламтордан отельдерден арнайы ұсыныстар мен жолдамаларды іздеп табуларына тура келеді. 13 сәуір 2011, 19:21 4 296 рет қаралды
Тұсаукесері өтсе де, құрылысы бітпей тұр Қоғам

Тұсаукесері өтсе де, құрылысы бітпей тұр

Өткен жылы облыс әкімі Бергей Рысқалиев селекторлық кеңесте Жылыой ауданында 75 төсектік аурухана пайдалануға беріледі деп үміттендіргенін жергілікті халық ұмытпаған болар. Бір ғажабы, әлі күнге дейін жылыойлық науқастар жаңа аурухананы армандап жүр... Ал «Ақ Жайық» құрылысы сағызша созылған аурухана жайлы сын мақалаларды бірнеше рет жариялаған болатын. 13 сәуір 2011, 21:29 3 734 рет қаралды
Заңды белден басқан  «саясат» Қоғам

Заңды белден басқан «саясат»

Редакцияға «ТШО» ЖШС-нің қызметкері Нәдір Т.  хабарласқан еді. Оның ойынша, ол мұнай алпауыттарының ойлап тапқан  «Саясаткер» және кеңсе «ойындарының» құрбаны болған   және  соның нәтижесінде оған жұмыс берушімен соттасуға тура  келген.  Қысқасы, барлығын ретімен баяндалық. 13 сәуір 2011, 21:35 3 916 рет қаралды
Әскерде әлі де әлімжеттік бар ма? Қоғам

Әскерде әлі де әлімжеттік бар ма?

1 сәуірден бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке ресми шақырту басталды. Әскерге баратындар мен олардың ата-аналарын толғандыратын сауалдарға Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың келісім-шарт және шақырту бөлімінің бастығы Руслан ӘМІРОВ жауап берді.  6 сәуір 2011, 19:13 5 789 рет қаралды