Атырау, 25 желтоқсан 18:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Заңды белден басқан «саясат»

3 601 просмотра

"Ішкі саясат" вахта поселкесінің сыртынан басталады

Редакцияға «ТШО» ЖШС-нің қызметкері Нәдір Т.  хабарласқан еді. Оның ойынша, ол мұнай алпауыттарының ойлап тапқан  «Саясаткер» және кеңсе «ойындарының» құрбаны болған   және  соның нәтижесінде оған жұмыс берушімен соттасуға тура  келген.  Қысқасы, барлығын ретімен баяндалық.

ӨЗ ОРТАСЫНДАҒЫ БӨГДЕ ЖАН

2008 жылдың қаңтарынан бастап Нәдір Теңіздегі кеңседе жетекші аудармашы болып жұмыс жасады. Оның қызметтік міндетіне бөлімнің басқа қызметкерлерінің аудармаларын тексеру және бөлу жұмыстары кірді. Сол уақыт ішінде Нәдір кәсіби біліктілігі бойынша  өзін ең жақсы жағынан көрсете білді және оны сот үшін берген түсініктемелерінде әріптестері де мойындап өтті. Жекелей алғанда, олар оның аудармаларының жоғары сапасын атап отыр. ТШО өндірістік пайдалануға қолдау көрсету әкімшілік тобының басшысы Л.Стеценко былай деп жазады: Нәдір аудармашылар бөлімінің жұмысын жақсарту барысында үлкен жұмыстар атқарды. Бір сөзбен айтқанда, капиталистік еңбек екпіндісі деуге болады! Оның жақсы қасиеттерін тізбелеген әріптестері ақыр аяғында «соңғы уақыттарда өз қарауындағыларға жасалатын өткір ескертпелерге қатысты Нәдірдің сыншылдық артықшылықтарын» атап өтті. Әсіресе, жас аудармашы қызға оның ескертуі ауыр тигенін айтады.   

Ал, Нәдірдің өзі болса одан тек қана сапалы аударманы талап еткендігін мәлімдеді. Ол тек жай ғана талап етіп қойған жоқ, аудармашыларға өндірістен қол үзбестен біліктіліктерін жетілдіру үшін арнайы бағдарламаны жасақтаған.

- Менің кейбір әріптестерімнің сапасыз аудармаларын тексеру барысында олардың  өрескел қателіктерін түзете отырып,  ең аз дегенде қанағаттанарлық деңгейге өзімнің көтеруіме тура келетін еді. Сондықтан да мен әріптестеріме ескерту жасап, өз жұмыстарын қайта жасауды талап еттім.

Әрине, бұл оларға ұнамаған болуы керек. Олардың біреулерінің қолтығынан демеген адамдары болғанын, ал, кейбірінің жұмыста ашықтан-ашық ұйықтағандарын несіне жасырамын,-дейді Нәдір. –Жаңа жыл қарсаңында мен ауырып қалдым да, ауруды куәландыру қағазын аштым, міне осы соңғы оқиға болды. Сол кезде менің бастығым мені мерекені отбасымен өткізу үшін қасақана ауырып қалды деп кінәлады. Одан әрі маған ашықтан-ашық қысым жасай бастады, арандату әрекеттеріне барды. Бұл әрекеттердің барлығын бейбіт жағдайда шешуге тырысқан барлық қадамдар мен өз ұстанымдарымды түсіндіру еленбеді  немесе кейде жанжалға ұласты.  

«ТІЛДЕМЕГЕНМЕН, ЖЕК КӨРЕТІНДІГІН СЕЗДІРДІ»

Кейін қызметтік жанжал бөлім аясынан шықты. 2010 жылдың 15 қаңтарында ТШО «Тәртіптік жаза туралы» бұйрық шығарып, осы бұйрыққа сәйкес Нәдір Т. ТШО-ның «ішкі саясаты» ережесінде көзделмеген «өзара құрмет пен сенімді бұзғаны» үшін 50 пайыз көлеміндегі бонустан 3 айға - 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін айырылды. Бұйрықты шығаруға басшының қызметтік жазбасы, қызметкерлердің түсініктеме жазбалары, қызметкерлермен болған әңгімелердің хаттамасы негіз болды.

Менің қолыма «ТШО» ЖШС өндірістік бөлімінің құзырын күшейту тобының супервайзері Тимоти Р.Кларктың қызметтік жазбасы тиді. Онда ол ана бір жолы кабинетінде жылап отырған аудармашы қыздың сөзінен жетекші аудармашыға қарсы өзінің дәлелдерін келтіреді. Сонымен бірге Нәдірмен болған әңгімеде «... қолын  айқастырып, орындыққа жантая отырды. Ол ауызша тіл тигізбегенмен, ашықтан ашық сыйламаушылығын білдірмегенмен өз басшысын жек көретіндігін ишаралап меңзеді».  

Осының өзі жоғарыда аталған «ТШО саясаты» тармақтарын сақтамады деуге және аталмыш бұйрықт шығаруға жеткілікті болды. Бұйрықта тек ТШО бонусын төлеуді 3 ай мерзімге тоқтату көзделгеніне қарамастан Нәдірді жетекші аудармашы орынынан түсіріп тастаған.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ «ПОЛИЦЕЙ»

Нәдір мұнымен үзілді-кесілді келіспей сотқа жүгінді. Атырау қалалық сотының судьясы Ж.Шакенова 2010 жылғы 15 қаңтардағы «тәртіптік жаза туралы» бұйрықты заңсыз деп таныды. Бұдан басқа «жаза» деген сөздің өзі заңсыз болып танылды. Бұл жерде әңгіме тек тәртіптік шара қолдану туралы болуы тиіс.

Сотта бөлім менеджері А.Хасанов сыйақыдан айыру бұйрығындағы   «тәртіптік жаза» деген сөз тіркесі ТШО «Органайзер» қызметтік бағдарламасының жетілдірілмегенінен жіберілген техникалық қате деп сендіреді.

Алайда, сот үшін басты аргумент-сыйақыны төлемеу түріндегі тәртіптік жазаның ҚР Еңбек Кодексінде қарастырылмағандығы болды. ҚР ЕК-нің 72-бабына сәйкесті қызметкердің тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыс беруші ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс беру, еңбек келісім-шартын бұзу түріндегі тәртіптік жазаларды қолдануға құқылы. Алайда, төлемге қатысты қысым көрсету емес. Сотта ТШО өкілдері сыйақының Нәдірге төленбеуі тәртіптік жаза емес, тек экономикалық әрекет ету, тіпті, тәрбие беру мақсатындағы шара деп дәлелдеуге тырысты. Судья қазір бізде тәрбиемен мектепке дейінгі мекемелер айналысады деп қарсы сөйледі. Нәтижесінде сот ТШО-ның қызметтік құжаттарын негізге алып, компанияның келтірген дәлелдерін негізсіз деп тапты.

ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАҒАН ШАҒЫМДАР

Қалалық соттың шешіміне берілген апелляциялық шағымында келтірілген ТШО ұстанымын әділеттілік үшін келтіреміз. Жекелеп алғанда, ТШО сыйақыны міндетті емес және компанияның жұмысқа деген адал көзқарасы барысында, лауазымдық міндеттерін табысты орындау барысында және тәртіп бұзулардың болмауына қарай компанияның шешімімен төленеді деп санайды. Алайда, одан әрі сыйақыны төлемеу туралы шешім сол қызметкердің өз лауазымды міндеттерін орындамау және еңбек тәртібін бұзу, сондай-ақ, «саясат» ережесі және басқа да ішкі компания актілерін  сақтамау барысында да төленбейді делінген (автор Л.С.). Соңғы келтірілген талаптың көмегімен кез-келген жарамсыз қызметкермен есептесуге болатындығына келісіңіз. Апелляциялық шағымда ТШО өкілі сот Нәдірдің жағына шығып алып, бірқатар субъективті факторларды қатерге алған дейді. Оларға компания талап арыз берушінің адамгершілік азабын алға тартады, ТШО пікірі бойынша бұл ештеңемен дәлелденбейді. Ал, Нәдірдің әріптестерінің азабын ТШО толығымен негізді деп есептеп отыр. Алайда, шағымның пафосы мына абзацта келтірілген: «...қалалық соттың ұстанымы қызметкерлердің жауапсыздық сезімінің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл кәсіпорында тәртіп пен құқық тәртібінің төмендеуіне әкеледі, адамдардың бойында өз ойларына келгенін жүзеге асыру қасиетін тудырса, жұмыс берушінің ішкі актілерін сақтамауға (Л.С.), тәртіпсіздіктің тарауына жол береді».

Дегенмен, облыстық сот өткен жылдың қараша айында ТШО апелляциясын қанағаттандырмай тастады. Яғни, «бірінші инстанциядағы сотта талап арыз берушінің тілдемегені, әдепсіз сөздермен балағаттамағандығы дәлелденді. Ал, жауапкер Ережені бұзған немесе теріс қылықтарды куәландыратын нақты дәлелдерді ұсына алмады. Тек ТШО басшы қызметкерлерінің жазбалары ғана болды». Облыстық соттың пікірінше, жас қызметкердің шағымы даусыз және жеткілікті дәлел болып табылмайды. Осы жылдың 6 қаңтарында облыстық соттың сот алқасы ТШО-ның осы іс жөніндегі кассациялық шағымын қабыл алмады.

Ал, Нәдір Т. болса, сот тәртібі арқылы ТШО-дан моральдық зиянын өндіріп алуды көздеп отыр. Айтпақшы, ТШО-дағы «заң шығарушылықтың» әр жылдардағы өз құрбандары болған басқа да адамдар бар. Алайда, олардың көпшілігі сотқа арыздануға тәуекел етпеді.

 Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 сәуір 2011, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.