Атырау, 4 қазан 15:56
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Көп балалы жас жанұяда қонақта

7 916 просмотра

Жақында менің сұхбаттасушымды ешқандай да пикет ұйымдастырмаса да облыстық әкімдік үйіне кіргізбеген. «Ақ үйдің» күзетшілері өз алдарында тұрған жас әйелдің алты баланың анасы екендігіне көпке дейін сене қоймаған.

Балаларының арасында көп балалы ана Қабира АНЕТОВА отыр. Таяуда редакциялық лездемеде әріптестерім қазақтар үшін 6 бала бұл рекорд емес, біздің әжелеріміз соғыстан кейінгі аштық жылдары 10 баланы өмірге әкеліп, соларды аяқтандырған дескен. Бірақ, бүгінгі күні мұндай ерлікке кез-келген әйел бара бермейді ғой. Біздер, әйелдер бүгінде көптеген нәрседен қорқамыз: экологияның нашарлығы, тұрмыстық қиындықтар, үйде отырып қалып, әйелдік тартымдылықтан айырылып қалу. Ал, бұл жерде, анау-мынау емес, алты бірдей бала. Оның үстіне Қабира әлі қырыққа тола қойған жоқ. Ол қалалық салық департаментінде жұмыс жасайды және бастысы- өңі мен сымбатын сақтап қалған.

Мен Қабирамен сөйлесіп отырғанда оның күйеуі Мәлікпен кенжелері, жас жарымдағы Мәлика ойнап отырды. Әкесінің сүйіктісі екендігі бірден көзге көрініп тұр. Оның алдынан бір сәтте түсетін емес. Әңгіме барысында бөлмеге қалған балалар да жинала бастады.

- Мен күйеуге 22 жасымда шықтым. Ол 1994 жылдар еді. Сол жылдан бастап-ақ мен Құлсарының салық инспекциясында жұмыс жасадым. Біздер күйеуіміз екеуміз де сол жақтың тумасымыз. Атырауға бірнеше жыл бұрын келдік. Күйеуге шыққаннан кейін бір жылдан соң тұңғышымыз Альбина өмірге келді. Қазір оның жасы 16-да. Екі жылдан соң ұлымыз Мұхтар келді дүниеге. Одан кейін араға 2-3 жыл үзіліс салып - Ақсана, Гүлнұр, Темірлан және Мәлике өмірге келді. Біз отбасылық өмірде еш нәрсені жоспарлағанымыз жоқ  (күледі), өзі солай болды...,-деп бастады өз әңгімесін Қабира.

Қабираның айтуынша, отбасында осынша баланың өмірге келуіне қайын ата мен енесі - Қапан мен Тойған ТҮРЕСАЕВТАРДЫҢ еңбегі көп көрінеді. Өкінішке, қарай мен келетін күні олар Құлсарыға туысқандарына қыдырып кеткен көрінеді. Қабира тұңғышы Альбинаны босанғаннан кейін 4 айдан соң енесі мұнай кәсіпорындарының біріндегі қойма меңгерушілік қызметін тастап, немересін баққанын айтады. Қабира сөйтіп, бірден жұмысқа шығып кеткен. Содан бері қарай әжесі отбасында өмірге келген бар баланың жағдайын жасап отыр. Оның үстіне балаларды балабақшаға апарып, алып келу міндетін мойынына алған аталарының да көмегі зор екен.

- Олар немерелерін сондай жақсы көреді, еркелетеді. Біз күйеуіміз екеуміз күні бойы жұмыстамыз, балалар атасы мен әжесінің тәрбиесінде. Ол аз болғандай, бақшада түрлі  жеміс ағаштарын отырғызып, жұмыс та жасайды,-деп қояды Қабира.

Әңгіме барысында белгілі болғанындай көпбалалылық дәстүр екі отбасында да бар екен. Түресаевтардың үлкендері 6 бала тәрбиелесе, Қабираның ата-анасы -9 бала өсірген.

- Мен майдангер әкем 50-ге келгенде туған екем. Соғыстан алған жарақатынан ол ертерек қайтыс болды. Анам бәрімізді бір өзі өсіріп, жоғары білім беріп, азамат етті. Өзім балалы болғанда ғана анама қандай қиын болғанын түсіндім. Алайда, бастысы - қиындықтан қорықпау керек және бәрін риясыз көңілмен жасау керек. Әрине, оңай болған жоқ. Қазір де қиын. Жұмысымызға қарай кешігуге, кейде тіпті, демалыс күндері жұмыс жасауға тура келеді. Күйеуімнің жұмысы алыста, үйге тек демалыс күндері ғана келеді. Алайда, үйге келіп, балаларыңа қарасаң болды, бәрін де ұмыта жөнелесің,-дейді ана.

- Балалардың сабағы, секциялар, ағылшын тілі және басқа да күнделікті тексерулер қалай?

- Оның бәрін олар өздері жасайды.Әрине, мен үлкендерімен бірінші сыныптарында сабақтарын қадағалағанмын. Ал, қазір енді олар кішілеріне бас-көз болып отырады. Біздерде репетиорлар жоқ, балалар онсыз да жақсы оқиды. Келесі жылы үлкеніміз ҰБТ тапсырады. Қосымша сабақтар туралы енді-енді қолға алып жатырмыз.

-Үйді жинау жұмыстары қалай, үйлеріңіз үлкен ғой?

- Тағы да солай. Олар өз міндеттерін бөлісіп алған. Оларға Альбина басшылық жасайды. Жазалау туралы мәселені де ол шешеді. Біздер қол көтеру дегенді білмейміз.

- Демалуға қалай барасыздар? Мен сіздерде неге жеңіл машина емес, пикап екендігін енді түсіндім.

- Барлығымыз бірге, кейде өзіміз Көкшетауға, Оралға, Алматыға барып демаламыз. Басқа демалушылар бір отбасымыз десек сенбей қалып жатады. Қалған балаларыңыз туысқандарыңыздікі ме деп сұрап жатады. Оларға барлығы да өзіміздікі!-деп жауап береміз. 

- Достарыңыз не дейді?

- Қызығады!

- Сізді әкімдік үйіне неліктен кіргізбеді?

- Мәликені туғаннан кейін маған  мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында 6 бала туған әйелдерге «Күміс алқа» беріледі деп айтқан еді. Және оның бір талабы кенже бала бір жасқа толған болуы керек. Айтылған мерзімнен кейін мен менің құжаттарымның келген-келмегенін білу үшін облыстық әкімдікке бардым. Күзетшілер маған сенбестік танытты. Кейін өткізіп жіберді.

- Сізді тыңдасақ, бәрі тамаша секілді, сонда ешқандай да проблеманың жоқ болғаны ма?

- Бар, әрине. Құлсарыдан Атырауға көшіп келген жылы, 2007 жылы пәтер алу үшін арыз берген едік. Менде 17 жылдық мемлекеттік қызметкердің еңбек өтілі бар. Және біздің отбасымыз көп балалы отбасы болып есептеледі. Әзірге пәтер алатын түріміз жоқ. Жақында күйеуім екеуіміз біздің кезегіміздің жеті жүздің үстінде екендігін білдік. Қазір біз туысқандарымыздың үйінде тұрып жатырмыз. Билік тарапынан біздерге көмек берілер деген үмітіміз бар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

11 мамыр 2011, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.