Атырау, 13 желтоқсан 22:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Зағиптардың асқақ арманы

5 453 просмотра

– Аса бір қызығушылықпен  көрпе көктеп отырған жұмысшылардың бірінен : « Сіздің есіміңіз кім?» – деп сұрадым. Ол менің сұрағыма елең ете қоймады.  Ештеңе болмағандай, көзін төбеге қадаған қалпы алдындағы көрпесін тігуді жалғастыра берді. Біртүрлі ыңғайсыз болып қалды. «Кешіріңіз!»- мен оны қолынан тарттым. Әлгі ер адам ұйқысынан оянғандай мен жаққа   басын бұрды.  «Сіз менімен әңігмелесіп тұрсыз ба? – кенет  оның жүзіне күлкі үйірілді, Ал, мен оны түсінбей қалдым...».

ӨНДІРІС ЕКПІНДІЛЕРІ

Александр ЛОБЫНИН (суретте) кәсіпорында көрпенің қабын тігумен  қырық жылдан аса уақыт айналысып келеді. Оның мүлдем ештеңе көрмейтіндігін ескерсек, оның инемен атқарылатын жұмысын қауіпті деп атауға болады. Қолайлылық үшін көрпеге  жабынды секілді нәрсе кигізіледі де ішінен қозғалмауы үшін бастырып тігеді. Сол тігілетін жерді Александр Николаевич еш қателеспестен дөп басады. «Мен тек оны өз қолыммен ғана көремін, дейді ол. - Алайда, өзімді тас соқырмын деп айта алмаймын. Мен қай жер қараңғы және жарықтың қайдан түсіп тұрғандығын айыра аламын. Сіз тұрған жерде жарықтың бар екендігін сезіп тұрмын, бәлкім, ашық тұрған есіктің маңында тұрған боларсыз».

Лариса ЮГАЙ көз жанарынансәби кезінде, алты айлығында айырылған. Ол өзін қоршап тұрған әлемнің қандай екендігін ешқашан көрген емес. Ол үшін түстер мен жарық туралы түсінік жоқ. Бірақ, ол күн сәулесінің жылуын өз жүзінде және Жайықтың көктемгі иісін де сезіне алады. Оның әлемі- дене түйсігі арқылы сезіну мен дыбыстарды ажырату. Оның үстіне Лариса Михайловна осы кішкене өндірістің екпіндісі. Сәбилердің жөргектері мен жұмысшы-маман киімін шебер тігеді. «Бұл жерде жұмыс істегеніме 42 жыл болды. Жақында ғана мені зейнеткерлікке шығарды, алайда, өзімнің сүйікті тігін машинамсыз және әріптестерімсіз төрт қабырғаға сиып отыра алмадым. Сол себептен де осы жердемін».

 

ОЛАРҒА ЕСІРКЕУДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ

«Қазақ соқырлар қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Шыңғыс ЗАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ көзінің көрмеуі салдарынан мүгедектік алып отырған жан.

Бір кездері экономист дипломын қолына алған жас жігітті мансапты болашақ күткен болатын. Алайда, тағдыр өз дегенін жасады. Шыңғыс өз сырқатының тарихын еске түсіруге аса құлықты емес: «Бала кезіммен көзімнің проблемасы мазалайтын, үнемі көзілідірік киіп жүрдім. Бір күні көздің ішкі тор қабаты қатпарланып кетті. Новосибирскіде «Көз микрохирургиясы» салалық ғылыми-техникалық кешенінде жеті рет операция жасалдым. Дәрігерлер құдай емес қой. Менің өмірім күрт өзгерді. Бұрын мен өзімнің туған Астанамда ірі компанияда экономист болып еңбек етуді армандадым. Мені соқырлар қоғамының директоры болады деп кім ойлаған?!  Алайда, менің арманым да бар. Мен Қазақстанда қашан да болсын көз жанарынан айырылғандар үшін салынатын оңтайландыру орталығында тифлопсихолог болып жұмыс істегім келеді.

 

«АЖ» анықтамасы: тифлопсихология (typhlos – грек тілінен аударғанда – соқыр) –  көз жанарынан толықтай немесе жартылай айырылған адам психологиясын зерттейтін психологияның бір саласы.Көзі көрмей қалғандакеңістіктегі бағдардан айырылып қана қоймай, сезгіш тәжірибенің қалыптасуының баяулығы мен толық еместігі, сондай-ақ, көрнекілік, ой-түйсіктің дамуы бұзылады. Тифлопсихологияның негізгі міндеті көздің көрмей қалған өтеуі басқа анализаторлардың (есту, сезіну) жұмысы есебінен, сондай-ақ, «тосқауылдар сезімінің» қалыптасуынан болу керек.  

Соқыр болып туған бала арнаулы балабақшаға, мектепке бара алады. Арнаулы оқу мекемелерінен кәсіптік білім алады. Кейін арнаулы кәсіпорындарда жұмыс істейді. Қысқасы, ол сол ортаның адамына айналады. Енді бір адам басында көзі көреді, кейін қос жанарынан айырылады. Шыңғыстың жайы осындай. Ол енді өзінің сүйіп оқитын кітабын оқи алмайды. Қалаған мамандығымен жұмыс жасай алмайды. Бәтіңкесінің бауын байлай алады, бірақ оның өзі оңай емес. Ондай адамдар үшін қайтадан өмір сүруге үйрену керек. Жаңаша өмір сүруге. Олай болмаған жағдайда барлығы осымен аяқталғандай болады. «Бұл жан түршігерлік күйзеліс. Одан шығу өте қиын, -деп еске алады Шыңғыс. –Алайда, ол керек. Біздің кәсіпорында, өзіңіз байқағандай бәрі де позитипті адамдар».

Иә, шынында да олар уайым-қайғыға, өшпенділік пен көреалмаушылыққа салынбауға тырысады, күлкі мен қуанышты аса бағалай біледі. Ал, егер қуаныш үшін тікелей себеп болмаса, оны өздері қолдан жасайды. «Бізге адамдардың мүсіркегенінің керегі жоқ. Алайда, біз дені сау адамдардың көмегінсіз ештеңе бітіре алмаймыз. Сондықтан да біздің кәсіпорында жасайтын барлық отыз адам – толығымен дендері сау адамдар. Олар есепшілер, жүргізушілер мен инженерлер...».

 

САУСАҚ ҰШЫНДАҒЫ ӘЛЕМ

Қазақ соқырлар қоғамының Атырау филиалы қанатының астында алпыстан астам адам жұмыс жасайды. Бұл жерде кадрлардың ауысуы ешқашан болып көрген емес, алда да бола қоймас. Егер мұнда адам келсе, ол ондаған жылдар бойы еңбек етіп қала береді. «Нашар көретін немесе тіптен көрмей қалғандар бізде жеткілікті, кеңістікті бағдарлау оларға қиын. Ал, бұл жерде олар асфальттағы әрбір кедергіні, дәліздердегі қисықтарды және өзінің жеке жұмыс орнына баратын жолды жақсы біледі,-дейді тігін-мотор цехының шебері Сәуле БАСАРОВА.  Және шынымды айтсам, мүмкіндіктері шектеулі адамдар бұдан басқа қай жерге барып жұмысқа орналаса алады? Сондықтан да біздің қоғамның қызметкерлері үшін бұл жер екінші үйлері».

Бұл кәсіпорында көрпелер, жастықтар, төсек жаймалары, халаттар, жөргектер мен арнаулы-маман киімдері тігіледі. Сондай-ақ, картонды қораптар, конверттер, қағаз салатын папкалар дайындалады. Ал, таяуда жиһаз жасайтын цех ашылды! Осы цехтің жігіттері қалыңдық үшін сандық жасап шығарды. Бір ер адам бастаған тігін цехының әйелдері де олардан қалыспастан салтанат үшін әдемі қыз жасауына баратын көрпелер тіге бастады. Олардың өнімдері жергілікті ауруханаларға, перзентхана үйіне, балабақшаларға, вахталық поселкелерге және әскери мекемелерге жіберіледі. Олардың қызметін жеке тұлғалар да пайдаланады.

Кәсіпорын өнімдері үлкен сұраныста, өйткені олар ГОСТ стандартына сәйкесті жасалады. «Біздің көрпеміз алты жарым келі тартады, ал, матасы сапалы, Беларуссиядан әкелінеді,-деп әңгімелейді ҚСҚ кәсіпорнының қызметкерлері. –Біздің тауарларымыздың бағасы базардағыдай болғанымен сапасы жоғары. Біз өзімізді нашар тауар шығарып, беделімізге нұқсан келтіре алмаймыз. Керісінше, өзіміздің басқалардан еш кем еместігімізді дәлелдегіміз келеді».

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

2 маусым 2011, 03:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.