Атырау, 24 қараша 05:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алқа билер соты: кино және өмір ақиқаты

4 175 просмотра

Күндердің күнінде атыраулық бір жігіт көршісінің есігін қағып, содан соң оны өлтіріп, барлық бағалы заттарын алып кеткен. Кейінірек анықталғандай, кәмелетке толмаған бозбала өзінің кәмелеттік жасын керемет қып тойлағысы келген екен. Алқа билер жылы шырай танытар деп үміттенген айыпталушы соттың осы түрін таңдапты. 12 бейтаныс жан шынымен де оның сенімі мен оның өзін ақтап шыққан. Рас, іс қайта қарауға жіберілген. Қалай дегенмен де кісі өлімі орын алды ғой. Екінші рет жігіт тағы  алқа билер сотын таңдайды. Бұл жолы ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

ОЛАРҒА БАСТЫСЫ – ДӘЛЕЛ

Бір ғана кәсіби судья он екі қарапайым азаматтан анағұрлым қатал деп есептеледі. Олардың ішінде қарапайым әйел болуы мүмкін. Мәселен, осы секілді айыптау орындығында отырған есерсоқ баласы бар ана немесе тізімде тұрмысқа шықпаған бастауыш сынып мұғалімі мен зауытта жұмыс жасайтын жұмысшы болуы ғажап емес. Қысқасы, тіпті алқа билер тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана қарайтындығына қарамастан, айыптыны  есіркей салуы да қиын емес қарапайым адамдар. Қатал мантия киген судьяға көз салыңыз... Содан соң мұғалімге көз тастаңыз. Ал енді қайтадан судьяға қарап көріңіз. Әлбетте, қайсысын таңдайтының белгілі емес пе?

«Мүлдем олай емес. Іс жүзінде алқа билер, керісінше боп келеді. Олардан не нәрсені де күтуге болады, - дейді Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрайымы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА. – Әлгі  хабарландыру бойынша пәтерлерді ұзақ мерзімді жалға берушілерге қоңырау шалатын «арендатор»-маньяк туралы іс естеріңізде шығар. Егер қоңырауға әйел адам жауап берсе, ол пәтерді қарау керектігі туралы желеумен сол жерде кездесу белгілеген. Құрбандықпен оңаша қалған соң оны зорлап, өлтіріп тастайтын болған. Бір өзінің мойнында үш әйелдің қаны бар. Төртіншісі ғажайыптың күшімен құтылып, аман қалған. Бұл адам алқа билер сотын таңдады. Олар оның кінәсы толықтай дәлелденді деп есептеп, «кінәлі» деген үкім шығарды. Сондықтан алқа билер жылы шырай танытады деген бос сөз. Мұны статистика да дәлелдеп отыр».

Тағы бір мысал. Бір жүргізуші жол бойында көлік тоқтатып тұрған әйелді қағып кетеді. Өзінің кінәсін сезінген ол адал азамат ретінде травмопунктқа дейін жеткізіп салуды ұсынады. Жол бойында жол-көлік оқиғасының құрбаны кешірім сұраған жүргізушіні жағдайы жақсы болғаннан кейін жіберіп қояды. Бұл айыпталушының жауабы. Ал енді мынадай сұрақтар туындайды: әйелдің қаны (бұл сол әйелдің қаны болатын, оны генетикалық сараптама дәлелдеді) оның көлігінде қалай пайда болған? Бұл сұраққа да, «мүрде қайда?» деген сұраққа да айыпталушы жауап бермеді. Осындай жағдай орын алғанда «ұғынбай» кетіп қалған айыпталушының қасарысқаны алқа билердің ашуларына тиді. Оны «кінәлі» деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

ҚАЗІР АЛҚА БИ БОЛУҒА СЕЛҚОСТЫҚ ТАНЫТПАЙДЫ

Алқа билерге үміткерлердің тізімін жасаумен атқарушы органдар айналысады. «Міне, осы жерде проблемалар басталады, - деп алаңдайды Г.Дәулетова. – Тізімде кез-келген адам болуы мүмкін. Бұрын сотталғандар, жүйке-неврологиялық аурухана есебінде тұрғандар, тіпті айыпталушының туысқандары да болуы мүмкін. Бізге мұндай адамдарды аластатуға тура келеді. Дегенмен бұл біздің міндетіміз емес. Ал енді біреулер өздігінен бас тартып жатады. Алайда бір тенденцияны ризашылықпен атап өткім келеді. Екі жыл бұрын алқа билерге таңдалған азаматтардың көпшілігі сотқа шақыруды мүлде елемейтін еді. Енді біреулері немқұрайлы келетін, бірақ белгілі бір себептермен бас тартуға тырысатын. Бірақ соңғы жылда көп нәрсе жақсы жағына қарай өзгерді».

Бізге алқа билердің бірімен құпиялылықты сақтап, сұхбаттасудың сәті түсті.

Сіз Никита Михалковтың «12» деп аталатын фильмін көрдіңіз бе? Іс жүзінде оның кинодан қаншалықты айырмашылығы бар?

ВРЕЗКА

«12» фильмін көрмегендер үшін: 12 алқа би Ресей офицері асырап алған ұлты шешен жасөспірімді соттайды. Бала соғыста ата-анасынан айырылған, офицер оны өз ұлындай өсіреді. Айыптау жорамалы бойынша, бір күні тұрмыстық жанжал кезінде бозбала өзін асырап алған әкесін бауыздап тастайды. Оған куәгерлер бар болған.

– Иә, мен бұл фильмді көрдім. Өзімді осы фильмде көрсетілгендей ұстамағаныма қатты таң қалдым. Шынын айтқанда, көңілім қалды. Фильмде барлық 12 алқа би бір шешімге келуі тиіс. Ал бізде кінәлі немесе кінәсіздігі қарапайым дауыстардың көпшілігімен анықталады. Осы фильмдегі кейіпкерлердің бірі басқа алқа билерге осы оқиға болған жерге барғанын, көзімен көрген адамдармен сөйлескенін айтатыны есімде. Бастапқыда бізге құқығымыз туралы нақты нұсқау берген еді. Егер біреу өзінің тергеу ісін қолға алып, бастаған болса, бізді сол арада босатып жіберер еді. Ол жерде тағы бір жайттар болды, бірақ қазір есімде қалған жоқ.

Егер сізді қайтадан алқа би болуға шақырса барасыз ба?

– Иә... барамын.

 

2010 жылы мамандандырылған ауданаралық сот өндірісіне 80 қылмыстық іс түскен. Оның 12-сі алқа билердің қатысуымен қаралған.

КІМДЕРДІ АЛМАЙДЫ

1. Қылмыс жасады деп күдіктелгендерді немесе айыпталғандарды;

2. Соталу мерзімі жойылмағандарды немесе өтелмегендерді;

3. 25 жасқа толмаған жастарды;

4. Соттарды, прокурорларды, тергеушілерді, адвокаттарды, мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді, құқыққорғау органдарының қызметкерлерін;

5. Наркологиялық немесе жүйке-неврологиялық диспансердің есебінде тұрғандарды.

Егер сіз жоғарыда аталған санаттың бірде-біреуіне жатпайтын болсаңыз, ертеңгі күні алқа билердің қатарында сіз болуыңыз мүмкін. Қылмыстық процестерге қатысушылар тізімін жергілікті әкімдіктер жасақтайды.

Егер сізге шақырту қағазы келсе, сіз сотқа баруға тиіссіз. Алайда судьядан осынау құрметті лауазымды алып тастауды өтінуіңізге болады. Тек оған сіздің дәлелді себебіңіз болса ғана. Мәселен, сіз үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған әйел болсаңыз немесе сіздің діни көзқарасыңыз сот өндірісіне қатысуға мүмкіндік бермесе. Немесе сіз жұмыстан қолыңыз босамайтын болса.

Сондай-ақ, алқа бидің еңбегі төленетінін ұмытпаңыз. Бір сот өндірісі үшін алқа би төрт мың теңгеден сәл астам ақша алады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

4 мамыр 2011, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.