Келер жазды қала бірден жеті субұрқақпен қарсы алмақ,
Олардың бір бөлігі – қайта қалпына келтірілген ескі нысандар, алайда негізгі бөлігі жаңадан салынуда.
«Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы ескі орталық бұрқақ қалпына келтірілуде. Жоба тұтас граниттен жасалған. Төменгі тостағанның радиусы 6 метр болады. Бұрқақ Абай көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысында орналасқан және екі даңғылдың айналма жолының қызметін атқарады.
Облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан бұрқақ (суретте) күрделі пішіндегі иінді тостаған боп келеді. Негізгі көлемі – 34 те 12 метр, тостағанның тереңдігі 600 мм. Орталық осінде тұтас граниттен жасалған түрлі пішіндегі 5 элемент орналасқан.
Исатай-Махамбет алаңындағы тік бұрышты пішіндегі бұрқақ тостағанының негізгі мөлшері 12 де 12 м. Тостаған тереңдігі 600 мм. Бұрқақ қабырғасының сыртқы бөлігі табиғи гранитпен әрленген.
Құрманғазы саяжолындағы бұрқақ дөңгелек пішінді, сыртқы қабырға бөлігінің диаметрі 8 м, тостаған тереңдігі 600 мм. Ол да гранитпен әрленген. Бұрқақ Азаттық даңғылы мен Махамбет көшесінің қиылысында орналасқан.
Дизайндары бірдей үш бұрқақ Қ.Смағұлов алаңын, Алмагүл ықшам ауданын және Демалыс бағының маңын безендірмек. 12 де 4 м. болатын тік бұрышты тостағандардың тереңдігі 600 мм. Бұлар да гранитпен әрленген.
Барлық жобалар этникалық тақырыппен сабақтасқан, дәстүрлі ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Ашылу салтанаты маусымға белгіленген, ал Орталық бұрқақ таяудағы мамыр күндері ашылатын болады. Мердігері - «Самур-Атырау» ЖШС, жобалаушы - «Атырау Строй Проект» ЖШС.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген В.Истомин