Атырау, 12 қазан 15:24
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өндірісте қиылған өмірлер

3 006 просмотра

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын өндірістік зақымдар мен аурулардан 2,5 млн. адам қайтыс болады екен. Қазақстанда өндірістік зақымнан 2009 жылы 346 адам, 2010 жылы 363 адам қаза болған. Атырау облысында 2010 жылы 60 қайғылы оқиға орын алып, 8 адам қаза болған, 57 адам жарақат алған. Бұл цифрлар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинарда айтылды.

Ол 100-ден аса елде аталып өтеді және өндірістік зақымданушылық пен жұмысқа байланысты сырқаттану ауқымына жұртшылық назарын аударуға шақырады. «Технологиялық өзгерістер, жұмыссыз қалудан қорқу, психологиялық тұрғыда түсетін күштің артуы – көбінесе жұмысшылардың бетпе-бет келетін проблемалары осы», - деп атап өтті Атырау облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Темір ЕСТЕБАЕВ. Психологиялық себептер көптеген техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына әкеп соғады дейді ол.

«Батыс елдерінде бізге қарағанда еңбек қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасының бұзылуы аз тіркеледі. Бұл немен байланысты? Олардың сақталуы үшін ол жерде жауапкершілік қызметкерлердің өздеріне жүктеледі. Өйткені оларға жұмыс беруші солай тапсырады, - дейді Естебаев мырза. – Жұмыс берушілер жауапкершілік шарасы мен сақтандыру төлемдерінің мөлшерін жақсы біледі. Сондықтан жауапсыз адамдармен байланысуды қаламайды. Біздің елімізде әлі күнге дейін тәрбиелеу бағытындағы шаралар кең таралған. Өкінішке орай, бұл біздің менталитеттің ерекшелігі, онымен күресу өте қиын. Жұмысшы өзін өзі қорғауы тиіс. Заңнамада жұмысшының қауіпсіздік талаптарын сақтау міндеттемесі қарастырылған. Сондықтан өндірістегі еңбекті қорғау мәселесінде адамдарға деген қарым-қатынастың өзін өзгерту маңызды».

Содан кейін кәсіпорын өкілдері сөз алды. Бүгінде АМӨЗ-де 2176 адам жұмыс істейді, оның 1341-і – зиянды өндірісте екен. Ол жерде жыл сайын зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсер ететін жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізіп тұрады. Өткен жылы оларда кәсіби сырқаттар анықталмаған.

«Жақында ТШО кәсіпорын тарихындағы кезекті қауіпсіздік кезеңін – еш зақымсыз және жұмыс уақыты жоғалған оқиғасыз 10 млн. адам-сағат болғанын атап өтті, - деп хабарлады ТШО-ның нормативтік-құқықтық бөлімінің бастығы Оралбай ҚАЛИЕВ. – 1993 жылдан өз жұмысын бастаған ТШО мұнай өндіруді жылына 1 млн. тоннадан 2010 жылы 25 млн. тоннаға дейін көбейтті. 2010 жылы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау шараларына 10,5 млн. доллар жұмсалды. ТШО мемлекеттік қауіпсіздік стандарттарын қатаң орындайды және өз стандарттарын енгізеді. Кей жағдайларда олар анағұрлым қатаң боп табылады».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 мамыр 2011, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.