Атырау, 24 желтоқсан 17:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Подиумда – балалар

4 592 просмотра

Үлкендер балаға «Сен өскенде кім боласың?» – деген сауал қойып, балалардың мазасын алғанды ұнатады. Енді, міне, Атырауда алғаш рет өткізілген сән үлгілерін көрсетуге қатысқан тұлымшағы желбіреген қыздар мен жеткіншектердің бұл сауалға айтар жауабы әзір. Осынау салтанатты шеруден соң сұрап көріңіз, кәне? Әрине, супер модель болады!

Сөз жоқ 1 маусымда тек балмұздақтар мен түрлі түсті шарлар, асфальтқа салынған суреттерден басқа, бүгінгі жастар жаңа бір тәсіл-амалды талап етеді. Сондық-тан болар осы жолғы мерекенің қызығы  сән үлгілерін көрсетуден бөлек Х-фактор байқауына қатысқан Руслан БЕРДІМАТОВ пен Эльдар МЫРЗАХАНОВТЫҢ ән шашуы болды.  «Атырау» сауда-ойын-сауық орталығының балғын жастағы келушілері балаларды қорғау күнін осылай атап өтті. Ұлдар мен қыздарға модельдер рөлін сомдауға және «Көктем-Жаз-2011» маусымының үлгілерін көрсету мүмкіндігі туды. Иықтарын нық ұстаған, кейбірі 3-4 жастағы жас модельдер   подиумда жүріп өтті. Жүргізушілер бірнеше рет олардың болашақ қазақстандық сән модельдері екендігін айтумен болды. Ал, көрермендер болса, қошеметтерін көрсетті. Олардың тәжірибесінің жоқтығы табиғат сыйлаған сүйкімділіктерімен астасып жатты. Кішкене модельдер қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің балалар сән үлгісіне жасаған авторлық көзқарастарын көрсетіп қана қойған жоқ, бұдан керемет бір рақат сезімге бөленгендей болды. Сондықтан да болар сән үлгісін көрсету соншалықты әдемі көрініс сыйлады. 

 Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

2 маусым 2011, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.