
Брюссельде әлемге әйгілі «Сыбдырлаған бала» (Маннекен-Пис) мүсініне тағы да қазақтың ұлттық шапаны кигізілді. Көрнекті орынның ерекше бейнесі жүздеген турист пен қала тұрғындарының назарын аударды. Бұл туралы newtimes.kz хабарлады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылды. Маннекен-Пис мүсініне қазақтың ұлттық шапаны алғаш рет кигізіліп отырған жоқ — бұл тарихтағы үшінші жағдай. Бұған дейін мүсін 2021 жылдың жазында және былтыр қазан айында қазақ шапанын киген болатын.
Елшілік өкілдерінің айтуынша, бұл дәстүр Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық пен мәдени байланыстың жарқын символына айналған. Қазақтың ұлттық киімін киген «Сыбдырлаған баланы» 21 қазанда Брюссельдің тарихи орталығынан көруге мүмкіндік болды.
Ғасырлар тарихынан сыр шертетін мұра
Маннекен-Пис мүсінін әртүрлі киіммен безендіру дәстүріне үш ғасырдан астам уақыт болған. Мүсінге арналған алғашқы киім 1698 жылы тігілген. Бүгінде әйгілі мүсіннің киімдер топтамасында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңнан астам киім бар.
Әрбір киім ауыстыру рәсімі мерекеге айналып, үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен салтанатты түрде өтеді.
Мүсін әйгілі Гран-Плас алаңына жақын жерде, Rue de l'Étuve және Rue du Chêne көшелерінің қиылысында орналасқан.
В Атырау +17.5