Атырау, 24 желтоқсан 18:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Темір тордағы «Қыз сыны»

2 967 просмотра

Өткен аптада темір тордың арғы жағындағы ең сұлу  қыз анықталды. Республикалық көлемдегі  «Жыл аруы-2011» байқауы Атыраудағы УГ-157/11 әйелдер колониясында да өтті.

Атыраудағы әйелдер абақтысындағы өмір қайнап жатыр. Бір күн концерт қойылып, сотталған нәзік жандардың өздері сахнадағы әнші-бишіге  айналса, бір күні нағыз әртістердің өздері келіп өнер көрсетеді. Қалай болғанда да олар еркіндіктегі өмірден қол үзбеуге тырысады. Дұрыс та шығар, өйткені  бұл аз да болса  қараңғы түнекке  себілген жарық сәулесі секілді оларға.  Бірақ бұл жолғы  «Жыл аруы-2011» байқауы республика көлемінде өтіп жатыр екен.

Байқауға он бес нәзік жандылар қатысты. Талантымен, сұлулығымен көзге түскен  сол он бестің арасынан Хусайынова Шынар «Жыл аруы» атағын жеңіп алса,  Баубекова Ардақ пен Жакипова Тоғжан бас жүлдеге ие болды. Сайыскерлердің бәрі де, ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Мекеме басшысы  Нұрлыбек АРЫСТАНҒАЛИЕВТЫҢ  айтуынша, мұнда алдағы уақытта  сотталғандардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында  тігін цехынан өзге нан пісіретін, балық өнімдерін өңдеумен айналысатын қосалқы цехтар да ашылатын көрінеді.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

 Х Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика мамандығының 3 курс студенті

26 мамыр 2011, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.