Атырау, 25 желтоқсан 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Мақала жарияланған сәтте фактілер анықталған жоқ»

3 072 просмотра

«АЖ» газетінің  №12 санында («Қайта «қолды» болған куәлік») жарияланған мақалаға орай  облыстық сот өзінің ресми ұстанымын баспасөз қызметі арқылы мәлім етті.

ІІД ЖПБ облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жүргізген тексеруі кезінде сот бұған дейін жүргізушілік құқықтарынан айырған төрт жүргізушіні ұстап, анықтады. Алайда, олардың қала көшесінде өздеріне «қайта» оралған куәліктерімен жүруді жалғастыруының  таңқалдырарлық жайт болғаны естеріңізде болар. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, мақала жарияланған сәтте қаржы полициясының тексеруі жүргізушілік куәліктердің сақталуға тиісті орыны ЖПБ-на соттан жетпегендігін анықтады.

«АЖ» газетіне облыстық сот баспасөз қызметінің жолдаған хатынан:«Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 698-ші бабына сәйкесті арнаулы құқықтан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қабылданған қаулыны бірден орындауға өкілетті органдарға, бұл жағдайда ІІД ЖПБ-на жолданады.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жөніндегі сот қаулысын орындау мақсатында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ІІД ЖПБ-мен бірлесе отырып жүйелі түрде соңғы алынған жүргізушілік куәліктеріне салыстыру жүргізеді. Осындай актіге сәйкесті 2009 жылы қаралған әкімшілік істер бойынша барлық жүргізушілік куәліктер одан әрі сот тағайындаған әкімшілік жазаны орындау үшін ЖПБ қызметкерлерімен қабылданған.

Бүгінгі күні қаржы полициясы жүргізушілік құқықтарынан айырылған тұлғалардан куәліктердің табылу фактісі бойынша тексеру жүргізуде. Мақала жарияланған сәтте жүргізушілік куәліктерді сот қызметкерлерінің беру фактісі анықталған жоқ.

ҚР «БАҚ туралы» Заңы шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратуға тыйым салады, алынған мәліметтердің нақтылығы тексеріледі. Жарияланған фактілерді журналист тексермеген және Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне хабарласпаған».

6 сәуір 2011, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.