Атырау, 25 желтоқсан 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Әскерде әлі де әлімжеттік бар ма?

5 541 просмотра

1 сәуірден бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке ресми шақырту басталды. Әскерге баратындар мен олардың ата-аналарын толғандыратын сауалдарға Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың келісім-шарт және шақырту бөлімінің бастығы Руслан ӘМІРОВ жауап берді.  

- Руслан Қибажанұлы, біздің қалада әскерге баратындарды шақырту барысында проблемалар бар ма?

- Ол өзекті мәселе және ол қашанда солай болып қала бермек. Дегенмен, соңғы кездері ҚР Қарулы күштерінде әскери борышын өтеуге тырысқан жас жігіттердің саны артты. Біздің әскерге нақты қанша адам жіберетіндігімізді айта алмаймын, өткені бұл құпия сақталатын ақпарат, дегенмен, өткен жылға қарағанда олардың саны биыл басым болады. 

- Әскери қызметтен жалтаратындар көп пе?

-Иә, өкінішке қарай көп.Менің ойымша оған жігіттердің бүгінгі күні істеп жатқан жұмыстарын жоғалтып алам деген қорқыныштары себеп болуы мүмкін. Қандай жұмыс беруші өз қызметкерін жыл бойына күтеді? Оданда оның орнына басқа адамды жұмысқа алады. Дегенмен, әскери билеттері бар ерлердің ақысы жоғары жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктері мол. Екіншіден, олар әскерге шақыртудан жалтарғаны үшін қандай қылмыстық жаза белгілеуді қарастыратын ҚР ҚК заңнамаларын білмегендіктен жалтарады.

- Атыраулық әскерге шақыртылғандар қайда және қай әскери бөлімшелерде қызметтерін өтейді?

- Бөлу аймақтық принциптер бойынша бөлінеді, демек атыраулықтар қолбасшылықтың бұйрығы бойынша «Шығыс», «Солтүстік» және «Оңтүстікке» жіберіледі. Құрылықтағы әскер, ракеталық әскери жасақ және артиллерия, әуе қорғаныс, шекара әскері, ішкі әскер, ТЖМ әскерлері, десантты-шабуылшылар бригадасы және республикалық гвардия әскер түрлері бар. Жастарды бөлу барысында әрине, олардың қалаулары мен моральды-іскерлік қабілеттері және денсаулығының жағдайы ескеріледі. Көпшілігі әрине, гвардияға түсуді қалайды, алайда, оған бару үшін бойы 1 метр 78 сантиметрден төмен болмауы керек. Ал, мәселен, десантты-шабуылшылар әскеріне денелері тығыз спортшы жастарды алады, бұл жерде бойдың ұзындығының маңызы жоқ.  

- Қандай жағдайларда мерзімді әскери қызмет кейінге қалдырылады?  

- Әскери қызметке шақыртудың кейінге қалдырылуы жалпы орта білім, кәсіби білім және күндізгі бөлімде жоғары білім алушы азаматтардың оқуы кезінде беріледі. Оқу кезінде кейінге қалдыру мерзімі жоғары оқу орнынан кейін де кәсіби білім алатындарға да беріледі. Сондай-ақ, үйленген, бір баласы бар және ата-анасы зейнеткер немесе І және ІІ-топ мүгедектері болып табылатын отбасының жалғыз асыраушысы болған жағдайда да беріледі.        

 -Әскерде қазір әлімжеттік бар ма?

- Әскерде әлімжеттік көрсету жоқ. Алты ай әскерде болғандар әскерге жаңа келгендерден оқшауландырылған, ал, ҚР Қарулы күштеріне жаңа ғана шақыртылғандар өз-өздерімен болады.

Алайда, жарғылық қатынастарға қайшы келетін әрекеттер жоқ емес. Оны әрине, өзіңіз де жақсы түсінесіз, бір жерге бірнеше жас адамдардың жиналуынан қалай болғанда да әлдебір шудың көтерілмей қалуы мүмкін емес. Одан қашып құтыла алмайсың. Әскерге жаңа келгендерге таңертеңгілік тексеру жүргізіледі. Қандай да бір денеге түскен кішкене сызаттар болсын мейлі, олар оның қалай болғандығы жөнінде рапорт жазуға тиісті екен. Жауынгер аналарының қоры да бар. Олар да жігіттердің аман-саулығын тексеріп отырады. Егер қандай ма бір жағдайлар орын алған болса, онда сол фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі.

-Атыраудан әскерге алынғандардың соғыс болып жатқан жерлерге түсетіндері бар ма?

-Қазақстан бейбіт мемлекет, сондықтан да біздің жігіттеріміз ондай жерлерге әскери қызметке жіберілмейді.

Әңгімелескен  Анастасия ПАСТУХОВА

6 сәуір 2011, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.