Атырау, 24 қараша 05:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кондукторлар билет тексеретін болады

3 479 просмотра

Биылғы жылдың 1-маусымынан бастап Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде билеттер пайда болуы тиіс. Бұл бастаманы облыстың бас салық қызметкері көтерген еді.

Облыстық салық департаментінің бастығы Асқар ТЫНЫСБЕКОВТІҢ пікірінше, жолақы үшін қолма-қол ақшаға айырбастасталатын талондарсыз салық қызметкерлері  тасымалдаушылардың нақты табыстарын есептей алмайды. Бұл жергілікті бюджетке елеулі қаржылар түспейді деген сөз. Билеттерді енгізгенде тасымалдаушылардың өздері де ұтуы тиіс. Өйткені кондукторлар мен жүргізушілердің жұмысын бақылауға мүмкіндк болады.

Облыстық әкімдікте бұл ұсынысты қолдады. Ал қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ мамырда қалалық маршруттарға тендер жүргізілетіндігін хабарлады. Сол кезде тасымалдаушылар алдына жол жүру талондарын енгізу жөнінде шарт қоймақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

4 мамыр 2011, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.