Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сәнқой Наташа және басқалары

3 550 просмотра

Оның аңқылдаған да ашық күлкісі «Дина» базарындағы барлық сауда жасаушылардың назарын өзіне еріксіз аударады. Бұл - сәнқой Наташа. Оны бұл жерде білмейтін адам жоқ. Ол ерекше мейірімді және адамдармен тез тіл табысады. Сатушы қыздар оны өздерінің сөрелеріне шақырып, әңгіме-дүкен құрса, ерлер жағы оны көлденең  бейбастақтардан қорғайды.

Әдетте қаланың барлық аудандарында елдің бәрі білетін бір-екі адам болады. Жоғарыда есімі аталған Наташа жүйке аурулары ауруханасынан алынған мәліметтерге қарағанда туғаннан осылай  ауырады екен. Ерекше киімдерге деген құмарлығы басым, ерекшеленгені соншалық, тіпті, оны нағыз сәнге еліктегіш адамдармен шатастырудың өзі қиын. Ондай адамдарға бір ғана мінездеме беріледі. Олар адамдар көп жерлерде ұзақ серуендеп жүргенді ұнатады, өтіп жатқандармен әңгіме-дүкен құрады, «өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сонда олар не жөнінде әңгімелеседі», әрине, оларға жұртшылықтың назары керек. Оның үстіне олардың түк те зияны жоқ. Біздің көпшілігімізге мәселен, бүкіләлемдік су тасқынына дайындалып жүрген адам жақсы таныс. Ол өзіне сенбеген көршілерімен ұрсысады, енді жейтін ештеңе болмай қалады деп нанды кептіреді. Қаланы және құқық қорғау органдарының  ерікті «көмекшісін», автобусқа отырып алып, жолаушыларға ашумен қарап, олардың азғандығына налып, сыбап тастайтын әйелді біледі.

Бұл бүкіл Атырау танитын адамдар. Алайда, біреулері ақылынан жай ғана адасып жатады және олардан тіптен де күдіктенбейсің.

Тағы бір кең тараған оғаштық- шамадан тыс қор жинау. Әсіресе, бұл рөлде жалғызбасты зейнеткерлер мұңды болып көрінеді. Олар түрлі керек емес заттарды жинап, өз пәтерлерін қоймаға айналдырады.

КӨКТЕМДЕ «ҚҰС КЕЛДІСІ» БАСТАЛАДЫ

- Ал, бұл ғылымда дәлелденген факт. Жылдың дәл осы мезгілінде күн радиациясы артады, атмосфералық қысым тез ауытқиды, көктемгі әлсіздік пен иммунитеттің төмендеуі сезіледі. Қоғамның жеке бір өкілдерінде бірінші жоспарға жүйкенің кейбір ерекшеліктері енеді. Дегенмен, облыстық жүйке-неврологиялық ауруханасы дәрігерлері «көктемгі сырқаттың қозуы» деген түсініктің астарында ешқандай себеп-салдардың жатпағандығына сенімді. Ал, психологиялық сырқаттардың барлығы көбіне созылмалы, сылбырлық мінез-құлықтан болады. Олардың байқалуының шарықтау шағы көктемге немесе күзге сәйкес келеді.

– Көктем бұл көпшілігімізді таза ауада көп уақыт өткізуге тартатын мезгіл, көшеге сырқат адамдар да құмартады,-деп түсіндіреді облыстық жүйке-неврологиялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВА. Стационарда қазір көп адам қоғамнан оқшауланып жатыр - оның бәрі жабық ақпарат, алайда, олардың қандай үрейден зардап шегетіндерін олар бізге қалай болғанда да айтып берді.    

ҚАП-ҚАРА ҮЙДЕ…

…бір қара адам тұрады. Ол кейбір пациенттерге келеді екен. «Бұл галлюцинация, - деп түсіндіреді дәрігер. – Алайда біздің пациенттеріміз оның бар екендігіне кәдімгідей сенеді және оның келгенінен қатты қорқады. Олар белгілі бір адамды емес, тұрған немесе тұманда қалықтаған әлденені көреді». Енді біреулерін, дәрігерлердің айтуынша, бастарының ішінде шулаған немесе сыбырлаған дауыстар мазалайды екен. Кейде дауыстар өздерін еститін жандармен жай ғана сөйлеседі. Кейде әрекет етуге, мәселен, әйелінің басынан ұруға бұйырады екен. Ал, көбінесе, олар беймәлім алысқа шақырады. «Бірақ біздегі пациенттердің көпшілігі өз әлемдерінде өмір сүруде, - дейді доктор Танбаева. – Ешкімге зияны жоқ, тынышына отырады, күледі немесе жылайды... Жалпы, олар мына пәниден алыс басқа әлемде болады. Бірақ біз мүмкіндігімізше оларды осы өмірге қайтаруға тырысамыз».

– Неліктен адамдар ақылдарынан адасады? Тек бәрі де жан күйзелісіне байланысты деп айта көрмеңіз.

– Әңгіме сонда. Қорқыныш, үрей, қызғаныш, несиелер, отбасылық проблемалар, жақын адамнан айырылуы... Осы психикалық зардаптар дене жарақаты секілді жанды ауыртады, мүгедек қылады, тіпті өлімге де соқтыруы мүмкін. Қызғаныштың, кектенудің салдарынан, мансапқұмарлығы қанағаттанбаған жағдайда орын алатын қанды трагедиялар туралы есіңізге алыңызшы. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті. Адамның психологиялық тепе-теңдігін қозғайтын жүздеген себептер болады. Жапа шегіп жүрген адамдардың көпшілігі өздеріне көмек керек екенін тіптен түсінбей де жатады. Мұндай адам көңіл-күйі нашар болғаны үшін де өз отбасының берекетін алуы және өзіне маманға қаралу керек екенін түсінбеуі де мүмкін. Көмек көрсетілетін болады. Оған міндетті түрде дәрі-дәрмек қолдану міндетті емес, кейде жай ғана әңгімелесуге болады, сонда жеңілдеп қалады.

МҰНДАЙДЫ БАСЫҢЫЗҒА БЕРМЕСІН

– Мұндай  науқастардың қатары көбейіп бара ма, әлде азайғаны байқала ма?

– Біз статистика жүргізіп отырамыз. Бірақ ол адамдар үнемі облыстан облысқа көшіп жүретіндіктен есебін жүргізу қиындап кетеді. Негізінен көрсеткіштер бір қалыпты.

– Мұндай адамдармен өзіңді қалай ұстаған жөн?

– Қызба адамдармен қарым-қатынас жасағанда байсалдылықты сақтау керек. Олардың бастарында онсыз да ішкі абыр-дабыр мен астан-кестең нәрселер көп. Оның үстіне сыртқы проблемаларды да қосып араластырудың қажеті жоқ. Байсалдылықпен, жұмсақ сөйлесіп, науқасқа қысым көрсетпеңіз. Сонда ол сізге құлақ асатын болады. Оған онсыз да ауырған басын қатырудың қажеті болмайды.

Ең бастысы, есі ауысқан жандар бұл сырқатты өздері сұрап алмағанын түсіну керек. Мұндай жағдай әркімнің басына, соның ішінде, сіздің де басыңызға түсуі мүмкін. 

Анастасия ПАСТУХОВА

 

Облыстық жүйке-неврологиялық ауруханада 49-14-80 сенім телефоны жұмыс істейді

28 сәуір 2011, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.