Атырау, 23 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Ойыншықтар еліндегі балабақша Басқа жаңалықтар

Ойыншықтар еліндегі балабақша

Болып жатқан оқиғаларды естеліктерім мен сезімдерім арқылы өз басымнан өткергендей боламын. Осы үшін де жұмысымды жақсы көремін. Бұл жолы да өткен күннің сағынышы бойымды кернеп кеткен еді. Сурет 4 желтоқсан 2019, 15:30 9 805 рет қаралды
Резерваттағы өрт мемлекетаралық дауға ұласты ма? Басқа жаңалықтар

Резерваттағы өрт мемлекетаралық дауға ұласты ма?

Қазақстандық және ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, Ресей Федерациясы Астрахан облысының Красноярск, Нариманов және Енотаев аудандарының тұрғындары Атырау облысы аумағынан шыққан түтін мен күйік иісіне шағымданған. 2 желтоқсанда ТЖД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған комиссия Атырау облысы Құрманғазы ауданының шекара аймағына барды. 3 желтоқсан 2019, 11:06 3 661 рет қаралды
Жылу орталығындағы апат билік айтқаннан да күрделі секілді Басқа жаңалықтар

Жылу орталығындағы апат билік айтқаннан да күрделі секілді

Жылу электр орталығындағы апат салдарынан Атырау облысы тұрғындарының жартысына жуығы, соның ішінде облыс орталығы, сонымен қатар ірі мұнай кен орындары жарықсыз қалды. 3 желтоқсан 2019, 13:07 3 503 рет қаралды
Нұрсаяға арналған жабдықтар Басқа жаңалықтар

Нұрсаяға арналған жабдықтар

Мемлекеттік сатып алу сайтында арнайы техникаларды сатып алу бойынша өткізілген тендер туралы ақпарат жарияланды. 22,7 млн теңгеге самосвал, 39,4 млн теңгеге бульдозер және 140,8 млн теңгеге 2 «шаңсорғыш» машинасы сатып алынды. «АЖ» сауалына қала әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ бұл техниканың негізінен Нұрсая ықшам ауданын қамтитын «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не арналғанын хабарлады.  2 желтоқсан 2019, 12:40 3 812 рет қаралды
Қарызы бар нысан ешкімге керек емес Басқа жаңалықтар

Қарызы бар нысан ешкімге керек емес

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы Экология департаментінің ұйғарымын (соған сәйкес «Атырау су Арнасы» КМК өткен жылы Жайықта балықтың қырылғаны үшін 30 миллиард теңге экологиялық залал төлеуі тиіс) растағаннан кейін, «Диар и Компания» ЖШС одан бұрын жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдады. Дегенмен, жергілікті билік кәсіпорынды жеке қолға беруге үміттеніп отыр. Алайда бұл жоғары сот «АСА»-дан үлкен қаржылық «айыппұлды» алып тастаған жағдайда ғана мүмкін болатыны анық. 2 желтоқсан 2019, 14:34 3 610 рет қаралды
Түрмедегі той Басқа жаңалықтар

Түрмедегі той

...Алтын неке жүзігінің орнына бижутериялық жүзік, куәгерлер орнына түзету колониясының қызметкерлері, бал айы үшін ұзақ мерзімді (екі тәулік) кездесу: 29 қарашада Атырау колониясында жазасын өтеп жатқан Татьяна Вадиммен некесін қидырды.  Сурет Бейнежазба 1 желтоқсан 2019, 15:37 6 274 рет қаралды
Сатушы болып жұмысқа кіріп, дүкеннен ақша ұрлаған Басқа жаңалықтар

Сатушы болып жұмысқа кіріп, дүкеннен ақша ұрлаған

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 6 ұрлық жасады деген күдікпен қала маңындағы Жұмыскер ауылының 16 жастағы тұрғыны Б.Д.-ны ұстады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол азық-түлік дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрып, біраз уақыттан кейін бір күндік табысты алып, ғайып болып отырған. Солай алты рет ұрлық жасаған. 29 қараша 2019, 17:54 3 694 рет қаралды
Атырауда алып жүкке жол ашпақ болған электр маманын тоқ соқты Басқа жаңалықтар

Атырауда алып жүкке жол ашпақ болған электр маманын тоқ соқты

Бүгін, 28 қарашада, қала шетіндегі Бірлік ауылының тұсында «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік базасынан ірі көлемдегі жүкті тасымалдау кезінде электр маманы жарақат алды: жүктің жүру жолындағы жоғары вольтты желіні ажырату кезінде қатты тоқ соқты. 28 қараша 2019, 20:51 5 734 рет қаралды
Мектептегі бейне бақылау және жапқышқа ақша жинау Басқа жаңалықтар

Мектептегі бейне бақылау және жапқышқа ақша жинау

Атырауда өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының басты тақырыбы «мектеп» болды. Бұл Таразда мектеп оқушысын көшедегі әжетханада зорлау оқиғасынан кейін заңды шығар. Білім басқармасы басшысының м.а. Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА бейнебақылау мониторларын қадағалауға арнайы бір қызметкерді отырғызу керек деп ұсыныс айтты. 27 қараша 2019, 10:35 5 265 рет қаралды
Жұқа мұз аңғалдықты көтермейді Басқа жаңалықтар

Жұқа мұз аңғалдықты көтермейді

Қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін жеке құрамның 663 қызметкері, 88 қар тазалағыш техника мен басқа да 85 арнайы техника, жол талғамайтын 51 көлік резервке алынды. Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат ЕРЖАНОВ брифингте мәлімдеді. Бұдан басқа, ол мұз үстімен жүрмеуді ескертті. 27 қараша 2019, 11:51 3 628 рет қаралды
Неліктен «Мерседес» жүргізушісі жеңіл жазамен құтылды? Басқа жаңалықтар

Неліктен «Мерседес» жүргізушісі жеңіл жазамен құтылды?

Баймұханов көшесінде жол-көлік апатынан қаза болған жасөспірімнің туыстары мен заңды өкілі тікелей кінәлі - Toyota Camry-50 жүргізушісін ғана емес, қара түсті Mersedes-тің рөлінде отырған адамды да қылмыстық жауапқа тартуды талап етуде. Олар қаланың қозғалысы көп көшесінде өзара жарысып, оның соңы осындай қайғылы жағдайға әкеп соққан еді. Бейнежазба 27 қараша 2019, 17:12 4 932 рет қаралды
Ескі мерекедегі ерегес Басқа жаңалықтар

Ескі мерекедегі ерегес

Батыстағы төрт облысты қарайтын Ақтөбе гарнизонының әскери сотында атыраулық әскери қызметші Досбол Алмасовқа қатысты ҚР ҚК 106 бабының 3 тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес үкім шықты. Кісі өліміне әкелген бұл жанжал осы жылдың 23 ақпанында болған еді. 26 қараша 2019, 10:05 4 162 рет қаралды
«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді» Басқа жаңалықтар

«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді»

Өмірдің қиындығына тап болған ондаған тағдырды бір жерге тоғыстырған бұл «Аналар үйі» кәсіпкерлердің қолдауымен  Атырау облысында бес жыл бұрын ашылған еді.  Бүгінде 16 орынға арналған бұл орталықта 18 бен 28 аралығындағы 9 әйел тұрады. Барар жер, басар тауы қалмаған аналарға пана болған орталық туралы «АЖ» мақаласында.  Сурет 26 қараша 2019, 13:38 6 944 рет қаралды
«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу Басқа жаңалықтар

«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу

Мас жүргізушілер мен олардың "ұрысқақ" әйелдері, төбелесқорлар, арызданбастан бұрын анықталған ұрлық фактісі - бұл «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге өткізген екі түнгі рейд барысында «АЖ» тілшісі көргендерінің бір бөлігі ғана. Сурет Бейнежазба 26 қараша 2019, 14:12 7 261 рет қаралды
Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады

Атырау қалалық әкімшілік соты АҚШ азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша іс қарады. 10 қарашада түн ортасында «Riviera Park Residence» қонақ үй кешенінің жанында 34 жастағы америкалық Майами тумасы мас күйде жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, содан соң оны бетінен ұрған. 26 қараша 2019, 16:38 4 220 рет қаралды
Полиция ұмытшақтарға да көмектеседі Басқа жаңалықтар

Полиция ұмытшақтарға да көмектеседі

Жыл басынан бері Атырау облысында адамдардың таксиге қалдырған 87 заты иелеріне қайтарылған. Оның ішінде әмиян, ұялы телефоннан бастап, тіпті, той көйлегі де бар екен. Ал бір мұнайлы астана тұрғыны құны миллион теңгеге жақын вазаны полицияның көмегімен кері қайтарып алған. 25 қараша 2019, 15:45 3 167 рет қаралды
Атырауда мұнай саласы мамандарын оқыту орталығына Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді Басқа жаңалықтар

Атырауда мұнай саласы мамандарын оқыту орталығына Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді

23 қарашада Атырауда Нұрлан Балғымбаев атындағы даму және коммуникация орталығы ашылды. Посткеңестік кеңістікте бұндай орталық тек екі ресейлік қалада ғана бар, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сурет 24 қараша 2019, 14:37 5 011 рет қаралды
Атырауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұрын қалалық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Ринат ЖАҢҒЫЛЫШОВ Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол тұрғын үй-коммуналдық секторына жетекшілік етеді. 23 қараша 2019, 11:08 4 604 рет қаралды
Тұрғын үй шаруашылығындағы күлкілі жағдай Басқа жаңалықтар

Тұрғын үй шаруашылығындағы күлкілі жағдай

21 қарашада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Атырау әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады. Сурет 22 қараша 2019, 11:19 5 308 рет қаралды
Қытайларды заңсыз өткізу: жең ұшынан жалғаса берген Басқа жаңалықтар

Қытайларды заңсыз өткізу: жең ұшынан жалғаса берген

Қытай азаматтарын Қазақстанға заңсыз өткізумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне үкім шыққаннан кейін ҰҚК баспасөз қызметі бұл қылмыстық оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. 20 қараша 2019, 11:04 4 460 рет қаралды
Әскери бөлімдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы Басқа жаңалықтар

Әскери бөлімдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Атырау облысының тұрғындары сенім телефондары арқылы әскери қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алады. Батыс өңірі бойынша (Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал) әскери бөлімдер мен құралымдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, 8 (7292) 21-21-62 және 8 778 261 35 94 нөмірлеріне қоңырау шала аласыз. 20 қараша 2019, 11:50 4 546 рет қаралды
Шайтанарбамен жер шарлап... Басқа жаңалықтар

Шайтанарбамен жер шарлап...

Голландиялық Питер СТЕГМАН өңіріміздің экологиясын сақтауға өз үлесін қосып жүр. Қала ішінде жаяу жүруге жұмыстанатын Питер көптен бері қала төңірегінде, одан әрі Атырау даласында велосипедпен серуендегенді ұнатады. Сурет 20 қараша 2019, 15:22 4 638 рет қаралды
«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді» Басқа жаңалықтар

«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді»

Бүгінде Атыраудағы тергеу изоляторында (УГ-157/1) қылмыстық істер бойынша әлі сот үкімін күтіп отырған  5 жасөспірім айыпталушы бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар кәмелет жасқа толмағандар деп танылады. Егер қылмысты 14 жасқа дейінгі жасөспірім жасаған болса, қаншалықты ауыр болса да, ол жазаланбайды. Жақында ІІМ қылмыстық жауапкершіліктің жас шегін 12 жасқа дейін төмендету және жасы кіші қылмыскерлер үшін жазаны қатайту туралы бастама көтерген еді. Сурет 19 қараша 2019, 11:24 7 909 рет қаралды
Атырау облысы Қызылқоға ауданының жаңа әкімі тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысы Қызылқоға ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін, 19 қарашада, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Арман Баженовтың орнына аудан әкімі лауазымына үміткерді таныстырды.  19 қараша 2019, 15:22 7 596 рет қаралды
Кафедегі халықаралық төбелес Басқа жаңалықтар

Кафедегі халықаралық төбелес

16 қарашаға қараған түні Атырауда Азаттық даңғылы бойындағы «Fresh&Go» кафесінде жергілікті тұрғын Ирландия азаматын соққыға жыққан. «АЖ»-ға белгілі болғандай, түнгі бірлер шамасында 33 жастағы ирландық пен 35 жастағы қала тұрғыны (екеуі де мас күйде болған) сөзге келіп, соңы төбелеске ұласып, жергілікті тұрғынның күші басым болған сияқты. Кафедегілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Толықтырылды 19 қараша 2019, 16:00 5 845 рет қаралды
Қыс қырауы желтоқсанды күтпейді Басқа жаңалықтар

Қыс қырауы желтоқсанды күтпейді

Осы аптада Атырау облысында күн едәуір салқындайды деп күтілуде, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының бөлім бастығы Айна ҚАЗҒҰЛОВА. 21 қарашаға қараған түні ауа температурасы 15-20 градус аяз, күндіз 5-10 градус суық болады деп болжанып отыр. 19 қараша 2019, 16:55 4 623 рет қаралды
Аулада атылған оқ және сәбидің көз жасы Басқа жаңалықтар

Аулада атылған оқ және сәбидің көз жасы

Әлеуметтік желілерде мына бір бейнежазба кең таралып кетті: пикап шанағының брезент қалқасының астында иттердің өлекселері жатыр. Ал бейнежазбаға түсіруші енді ғана атып алған итті көлігіне тиеп жатқан ит атушыға наразылығын білдіруде. Бейнежазба авторы - Атырау қаласының тұрғыны Бижамал ҚАРАЖАНОВА екен. Оның айтуынша, сол итті Алмагүлде №2 үйдің жанында балалардың көзінше атқан. Толықтырылды 19 қараша 2019, 22:03 5 053 рет қаралды
Ізетті  іні, ұлағатты ұрпақ Басқа жаңалықтар

Ізетті іні, ұлағатты ұрпақ

Өмірде туыс-бауырыңнан немесе жүрекке жақын тұтатын адамыңнан айырылу қандай қиын десеңізші. Біз бұдан бір жылдай уақыт бұрын Әлібек інімізден қапияда көз жазып қалғанымызда осындай ерекше тебіреністе болғанымыз жасырын емес. Оның бүкіл әулетімен бірге алыс-жақын туыстар да қатты қайғырдық, жүрекке салмақ түсті. 18 қараша 2019, 12:12 5 984 рет қаралды