Атырау облысының тұрғындары сенім телефондары арқылы әскери қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алады. Батыс өңірі бойынша (Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал) әскери бөлімдер мен құралымдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, 8 (7292) 21-21-62 және 8 778 261 35 94 нөмірлеріне қоңырау шала аласыз.
- Бұл параны ұят және масқара қылмыс деп санайтындарға; алаяқтармен сыбайлас болғысы келмейтіндерге; парақорлардың көбеюіне жол бермеу үшін бір сәттік мүдделерінен бас тартуға дайын жандарға арналған, - деп хабарлайды ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.
Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ