Өткен аптада Жайықта мұз қатты. Бұған қуанған ерлер қармақ салуға шықпақшы болғанмен, оларға полиция мұздың әлі де жұқа екендігін айтып, кедергі келтірді.
29 қарашада біз облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Ершат ҚИБАШЕВҚА мұз астынан балық аулауға рұқсат берілгендігіне көз жеткізу үшін қоңырау шалдық. Алайда ол мұздың өзен бетіне шығуға қауіпсіз болатын 10 см қалыңдыққа жетпегендігін айтты.
Қалалық әкімдіктің ТЖ бөлімінің басшысы Талғар ХАБИБУЛЛИННІҢ сөзіне қарағанда, мұз қата бастағанда орын алатын қайғылы жағдайлардың алдын алу шаралары жөніндегі Атырау әкімінің шешіміне сол күні қол қойылмаған. Біз қалалық әкімдікке 30 қарашада да қоңырау шалдық, алайда бізге ешкім жауап берген жоқ.
Оның үстіне 1 желтоқсанға қараған түні Атырауда ауа температурасы +2 болды. Бұған қарамастан балықшылар әлеуметтік желілерде өздерінің балық аулаудағы ерліктерімен бөлісіп жатты. Айталық, мен ФБ-дан сенбі күні су тазарту қондырғысынан айналма көпірге дейін сыланың жақсы жүргенін білдім. Сол жерге мен де жеттім, бірақ, достарыммен бірге өзеннің ортасына баруға қорықтым, оң жақ жағалауда мұз осал көрінді.
Біз балық іздеп Балықшы көпіріне де бардық. Ол жерде мұз үстінде жиырма шақты адам тұрды. Мұз бетіне бірте-бірте су жинала бастады. Ал балық болса қармаққа жақсы түсіп жатты - балпамбалық, айнакөз және басқа балық түрлері бар. Балаларын ертіп жүрген балықшылар да болды...
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суреттерді түсірген автор