Мемлекеттік сатып алу сайтында арнайы техникаларды сатып алу бойынша өткізілген тендер туралы ақпарат жарияланды. 22,7 млн теңгеге самосвал, 39,4 млн теңгеге бульдозер және 140,8 млн теңгеге 2 «шаңсорғыш» машинасы сатып алынды. «АЖ» сауалына қала әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ бұл техниканың негізінен Нұрсая ықшам ауданын қамтитын «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не арналғанын хабарлады.
- Бұл жабдық тұрғындардың тілектеріне орай сатып алынды. Сатып алынған жабдық «ТҮКҚК» ЖШС қажеттіліктері үшін және іргелес аумақты абаттандыру үшін пайдаланылады.
- "Арнаулы автобаза" ЖШС-де қанша «шаңсорғыш» бар?
- Төртеу, оның екеуі жұмыс істеп тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
«АЖ» мұрағатынан алынған сурет