Атырау, 23 қараша 21:41
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ескі мерекедегі ерегес

3 909 просмотра


Батыстағы төрт облысты қарайтын Ақтөбе гарнизонының әскери сотында атыраулық әскери қызметші, ефрейтор Досбол Алмасовқа қатысты ҚР ҚК 106 бабының 3 тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес үкім шықты. Кісі өліміне әкелген бұл жанжал осы жылдың 23 ақпанында болған еді.

Атырау қаласы Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан 41433 әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін бірнеше қызметкері ескіден қалған осы «атаулы күнді» атап өтпек болып, "Сады Вавилона" мейрамханасына жиналады. Араққа удай мас болған Алмасов сатымен жоғары көтеріліп бара жатқан мейрамхананың басқа бір қонағы Р.Қайреденовті жағынан ұрып, жерге құлатады. Осыған дейін Қайреденовтің досы мен ефрейтор арасында кикілжің болған еді. Зардап шегуші кейін осы соққы салдарынан Атырау облыстық ауруханасында көз жұмады. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, Қайреденов ашық бас-ми жарақатынан көз жұмған. Қылмыстық істі ҚР ІІМ Батыс өңірлік Атырау әскери-тергеу тобы тергеді.

Сотта айыпталушы ефрейтор өз кінәсін ішінара мойындаса, ал өлген жігіттің әкесі ұлының осы жылы үйленейін деп жүргенін айтады.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты әскери қызметкерді кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сондай-ақ, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп, әскери шенінен айырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

26 қараша 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.