Атырау, 23 қараша 20:17
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ашуын «белгіден» алды

Бейнежазба
3 666 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Күз айының соңғы күндерін атыраулық жүргізушілер "дүрілдетіп" өткізгенге ұқсайды. Айталық, біреуі ашумен жол белгісін қиратса, енді бірде екі көлік жолда ойқастап жүрген.

Атырау полицейлері кезекшілік барысында көлігін заңсыз жерге қойғаны үшін Volkswagen автокөлігінің мемлекеттік нөмірін түсіріп алып, алдыңғы әйнегіне құқықбұзушылық туралы хабарлама қалдырып кеткен. Содан кейін 49 жастағы көлік иесі инспектормен хабарласады, артынша оған әкімішілік хаттама толтырылып, нөмірі қайтарылды. Алайда бұған тыныштала қоймаған көлік иесі ашуын жол белгісінен алғысы келген. Көшенің ортасына көлігін қойып, жол белгісін (шамасы білекті жігіт болғанға ұқсайды) екіге бүктеп тастайды. Мұның бәрі Атырау қаласы Жедел басқару орталығының  камераларына түсіп қалды және сол маңда жүрген патруль оны ұстап үлгерді.    


- Азамат бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, олар жыл басынан бері ҚР ӘҚтК-нің 601 бабы (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша 1430 жүргізушінің жауапкершілікке тартылғандығын да атап өтті. 

Атырау полициясының жедел басқару орталығында (ЖБО) күн сайын жүздеген заң бұзушылықтар анықталып жатады. Кейде тіпті өрескел жағдайлар да орын алады. Қараша айының соңында ЖБО қызметкерлерінің назарын бірінің артынан бірі жүре отырып, жол ережесін бұзған  «ВАЗ 21099» және  «ВАЗ Lada Priora» көліктері аударды. Кейін анықталғанындай, отбасы мүшелері перзентханадан шыққан қуанышын көлікпен ойқастап жүріп көрсеткісі келген. Бақытты әке мен оған ерген досы, тіпті, жүргізушінің рөлді жіберіп басын терезеден шығарған сәті де көше камераларына  түсіп қалған. Сол жерге дереу патруль экипажы жіберілді.  

Полиция басқармасында бақытты әке өз әрекетін қуанышымен түсіндірді. Бұлай жүрудің  қауіпті екендігі жөніндегі ұзақ әңгімелесуден соң полицейлер екі автокөліктің 21 және 22 жастағы жүргізушілеріне бірден 5 әкімшілік хаттама толтырды.


Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облысы ПД баспасөз қызметі ұсынды

3 желтоқсан 2019, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.