Атырау, 23 қараша 22:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кафедегі халықаралық төбелес

Толықтырылды
5 725 просмотра


16 қарашаға қараған түні Атырауда Азаттық даңғылы бойындағы «Fresh&Go» кафесінде жергілікті тұрғын Ирландия азаматын соққыға жыққан. «АЖ»-ға белгілі болғандай, түнгі бірлер шамасында 33 жастағы ирландық пен 35 жастағы қала тұрғыны (екеуі де мас күйде болған) сөзге келіп, соңы төбелеске ұласып, жергілікті тұрғынның күші басым болған сияқты. Кафедегілер полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Куәгерлердің айтуынша, дәрігерлер мойнынан зақым алғанын айтса да, шетелдік азамат ауруханаға жатудан бас тартқан. «АЖ» мәліметі бойынша, кешікпей ол емделу үшін Дубайға кетіпті.

Жәбірленуші Пол Смит (Paul Smith) Ирландия азаматы, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат құжаты бар.

Полиция дене жарақатын салған күдіктіні ұстады.

- Сол күні осы факті бойынша қатысы бар тұлғалар - Атырау қаласының тұрғындары анықталды. Сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаменті.

Фархат ӘБІЛОВ

19 қараша 2019, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.