Атырау, 23 қараша 22:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сатушы болып жұмысқа кіріп, дүкеннен ақша ұрлаған

3 560 просмотра


«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 6 ұрлық жасады деген күдікпен қала маңындағы Жұмыскер ауылының 16 жастағы тұрғыны Б.Д.-ны ұстады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол азық-түлік дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрып, біраз уақыттан кейін бір күндік табысты алып, ғайып болып отырған. Солай алты рет ұрлық жасаған.

Айта кету керек, ол қыз хиджаб киетіндіктен дүкен иелері оған сенген. Бұдан басқа, ол өзге жасөспірімдермен бірге көлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр.

Қазіргі уақытта Б.Д. басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция департаментіндегілер комментарий беруден бас тартты.

Фархат ӘБІЛОВ

29 қараша 2019, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.