Жыл басынан бері Атырау облысында адамдардың таксиге қалдырған 87 заты иелеріне қайтарылған. Оның ішінде әмиян, ұялы телефоннан бастап, тіпті, той көйлегі де бар екен. Ал мұнайлы астананың бір тұрғыны құны миллион теңгедей болатын вазаны полицияның көмегімен тауып алған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпарынша, жолаушылары затын ұмытқан таксилердің көбін бейнекамералар арқылы тапқан.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА