Бұрын қалалық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Ринат ЖАҢҒЫЛЫШОВ Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол тұрғын үй-коммуналдық секторына жетекшілік етеді.
Ринат Жаңғылышов 1982 жылы Гурьев қаласында дүниеге келді, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандығы бойынша, 2017 жылы Атырау мұнай және газ университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы қаржы полициясында аға тергеуші болып бастады, содан кейін жеке құрылыс мекемелерінде жұмыс істеді, 2018 жылдың қазан айынан қазіргі тағайындалуға дейін қалалық мәслихаттың хатшысы болды.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ