Атырау, 23 қараша 20:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Резерваттағы өрт мемлекетаралық дауға ұласты ма?

3 558 просмотра


Қазақстандық және ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, Ресей Федерациясы Астрахан облысының Красноярск, Нариманов және Енотаев аудандарының тұрғындары Атырау облысы аумағынан шыққан түтін мен күйік иісіне шағымданған. 2 желтоқсанда ТЖД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған комиссия Атырау облысы Құрманғазы ауданының шекара аймағына барды.

- Комиссия сапарының қорытындысы бойынша ҚР аумағында қамыстың өртену фактісі анықталған жоқ. Бұл ақпарат Ресей Федерациясының Астрахан облысы бойынша ТЖМ-не хабарланды, - деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі. Ал РФ ТЖМ Астрахан облысы бойынша басқармасы ғарыштық мониторинг көмегімен Ресейге іргелес жатқан Қазақстан аумағында термиялық аномалияның, дәлірек айтқанда, 29 қарашадан бастап қамыстың өртеніп жатқаны тіркелгенін растап отыр.

- Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп жоқ, - деп хабарлады Астрахан облысы бойынша ТЖМ басқармасы.

Бұдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, 28 қарашада сағат 17.00 шамасында «Ақжайық» қорығының аумағында қураған қамыс өртеніп, өрт екі күнге ұласқан еді.

Фархат ӘБІЛОВ

3 желтоқсан 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.