Атырау, 23 қараша 22:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Ақжайық" қорығы өртенді

Бейнежазба
6 818 просмотра

Куәгерлер жолдаған сурет

28 қарашада сағат 17 шамасында "Ақжайық" қорығының аумағында қамыс өртенді. «Ақжайық» мемлекеттік-табиғи резерватының хабарлауынша, қураған қамыс тұтанған.

- Қараңғы түсіп кеткендіктен өрт сөндіруге таң атқанда кірістік, - дейді «Ақжайық» МРТ бөлімінің бастығы Ғани АҒЫБАЕВ. - Секундына 15-20 метр болатын күшті желдің салдарынан өрт тез өршіді. Өрт сөндіруге резерваттың 20 инспекторы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Жануарлар дүниесі зардап шекпеді - бұл жердегі жануарлар мен құстар басқа жақта қыстайды.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында 26 шілдеде резерват отқа оранып, қаламыз көңірсіген иіс шыққан көк түтіннің құшағында қалған еді.



Фархат ӘБІЛОВ

30 қараша 2019, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.