Бүгін, 26 шілдеде күндіз «Ақжайық» резерватының жанындағы қамыс өртенді. Осының салдарынан Атырауды көк түтін басып, ыстың иісі сезілді. Қала тұрғындарының көпшілігі өздерін жайсыз сезінгендерін айтып, шағымдануда.
- Иә, қазір қамыс жанып жатыр, өрт алаңы шамамен - 5 га. Қазіргі уақытта өрт сөндіруге 11 техника және ТЖ департаменті мен резерваттың 30 қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 15 шілдеде табиғат қорғау резерватының аумағында қамыс өртеніп, өрт келесі күні ғана сөндірілген еді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттер мен бейнежазба автордікі