Бүгін, 28 қарашада, Атырау қаласы шетіндегі Бірлік ауылының тұсында «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік базасынан ірі көлемдегі жүкті тасымалдау кезінде электр маманы жарақат алды: жүктің жүру жолындағы жоғары вольтты желіні ажырату кезінде қатты тоқ соқты.
- 3-4-дәрежелі электр күйігін алған ер адам облыстық ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ кеше, 27 қарашада, Қарабатанда салынып жатқан газ-химия кешеніне газды бөлуге арналған үлкен көлемді сплиттер-колоннаны тасымалдау басталған еді. Жабдық «АтырауНефтеМаш» ЖШС зауытында жасалған.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, төрт күн ішінде (қалада екі күн) ол күндізгі уақытта сағатына 3 км жылдамдықпен тасымалданады. «Алыпты» жеткізу кезінде оң жағалаудағы аркаларды, бағдаршамдарды, көптеген жол белгілерін бұзу керек болды, сол себепті кеше бірнеше сағатқа электр қуаты ажыратылған еді.
Фархат ӘБІЛОВ