Атырау, 23 қараша 21:49
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұқа мұз аңғалдықты көтермейді

3 483 просмотра


Қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты туындайтын төтенше жағдайларды жою үшін жеке құрамның 663 қызметкері, 88 қар тазалағыш техника мен басқа да 85 арнайы техника, жол талғамайтын 51 көлік резервке алынды. Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат ЕРЖАНОВ брифингте мәлімдеді. Бұдан басқа, ол мұз үстімен жүрмеуді ескертті.

- Қарашаның басында «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Биыл ауылдық жерлерге ерекше назар аударылды, жаттығу Қызылқоға ауданының барлық ауылдық округтерінде өтті. Ол жақта қыста қар көп жауады.

Оның айтуынша, олар көктайғаққа да дайын: жол мекемелері 300 тонна тұзбен, құммен, бензинмен, дизель отынымен қамданған.

Жайыққа мұз енді қата бастады, өте жұқа. Бірақ кейбір адамдар соған қарамай мұз үстінен балық аулауға шығады. Бірнеше күн бұрын екі жас жігіттің келесі жағалауға өткенін көрдім. Жолды қысқартамын деп, бастарын қатерге тігудің не қажеті бар еді?! А.Ержанов бұл мәселені де қозғады:

- Бізде қатал қыс жоқ, мұз да солтүстік өңірлердегідей қалың емес. Бұрылыстарда мұз одан да жұқа, өте қауіпті. Осыған қатысты түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

Оның орынбасары Рашид БІЛӘЛОВ жыл басынан бері Атырау облысында 219 өрт болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлады.

- Өрттің жартысына жуығы жеке тұрғын үй секторында болды. Өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы, жылыту пештерін дұрыс қолданбау салдарынан болған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

27 қараша 2019, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.