Атырау, 21 желтоқсан 16:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оқиға

Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді Оқиға

Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

20 тамызда Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Жылыой ауданындағы мектептердің бірінің директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 22 тамыз 2020, 12:25 4 204 рет қаралды
Атырау әуежайының қызметкері сарбаздардың атын жамылып, алаяқтық жасаған Оқиға

Атырау әуежайының қызметкері сарбаздардың атын жамылып, алаяқтық жасаған

ҚР ІІМ Батыс өңірлік Әскери тергеу тобы 29 жастағы Атырау Халықаралық әуежайының қызметкеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жөнелтті. Тергеу жорамалы бойынша, айыпталушы әскерде жүрген жас сарбаздардың атынан әлеуметтік желіден парақша ашып, олардың туыстарынан ақша сұраған. 20 тамыз 2020, 22:01 3 681 рет қаралды
​Ауласы қара сорадан жайқалып тұр Оқиға

​Ауласы қара сорадан жайқалып тұр

«Қара сора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала маңындағы Еркінқала ауылы тұрғынының ауласынан 1898 түп қара сора өсімдігін тапты. Сонымен қатар, бір килограмнан астам марихуана тәркіленді. 19 тамыз 2020, 12:13 3 777 рет қаралды
«Дамбыдағы кісі өліміне полицейлердің қатысы жоқ» Оқиға

«Дамбыдағы кісі өліміне полицейлердің қатысы жоқ»

Әлеуметтік желіде 18 жастағы грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты өлтірді деген күдіктінің Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері екендігі туралы ақпарат пайда болды. Ал кісі өлімімен аяқталған төбелестен кейін қала маңындағы Дамбы ауылының тұрғындары облыс әкіміне ашық хат жолдады. 14 тамыз 2020, 14:44 3 738 рет қаралды
«Синтетикалық» есірткі мен трамадолдың саудасы қызып тұр Оқиға

«Синтетикалық» есірткі мен трамадолдың саудасы қызып тұр

«Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 5 деректі анықтады. Атап айтсақ, Мақат ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 тамыз 2020, 11:09 4 388 рет қаралды
Атырауда түнгі төбелесте чемпион қаза тапты Оқиға

Атырауда түнгі төбелесте чемпион қаза тапты

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде белгілі атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты. Ол жүрегіне тиген оқтан қайтыс болды. Бір апта бұрын ол 18 жасқа толған еді. Толықтырылды 11 тамыз 2020, 13:00 5 173 рет қаралды
Оралда "Гарант 24 Ломбард" менеджері ұсталды Оқиға

Оралда "Гарант 24 Ломбард" менеджері ұсталды

Оралда алаяқтық жасады деп күдіктелген «Гарант 24 Ломбард» ЖШС менеджері ұсталды. Оған ақпан айынан бастап «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту деректері бойынша іздеу жарияланған болатын. 10 тамыз 2020, 14:35 3 012 рет қаралды
Атырауда мас адам кішкентай қызды ұрламақ болған Оқиға

Атырауда мас адам кішкентай қызды ұрламақ болған

«AЖ» ақпараты бойынша, 6 тамызда кешкі сағат 19.00 шамасында қала маңындағы «Көктем» ықшамауданында 42 жастағы ер адам азық-түлік дүкенінің жанында кішкентай қызды ұрлап әкетуге тырысқан. Ол қызды қолынан жетектеп бара жатқан жерінен бұл жердегі бір-бірін танитын тұрғындар байқап қалған. Олар сәбиді алып қалып, содан соң полиция шақырған. Бейнежазба 7 тамыз 2020, 09:24 3 999 рет қаралды
Интернет-алаяқтың әрекеті Оқиға

Интернет-алаяқтың әрекеті

Жыл басынан бері Атырау облыстық полиция департаменті 577 алаяқтық фактісін тіркеді, олардың жартысынан көбі – 296-сы интернетпен байланысты жасалғандар, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. 3 тамыз 2020, 11:02 3 855 рет қаралды
Велосипедті кіреберіске қалдырмаңыз Оқиға

Велосипедті кіреберіске қалдырмаңыз

Жыл басынан бері Атырау қаласында велосипед ұрлығы бойынша 70 қылмыстық іс тіркелген. Осындай 50 қылмыс ашылып, қолды болған велосипед иелеріне қайтарылды. Қаскөйлер арасында – жасөспірімдер, жастар, тіпті, ересек әйел де бар. 28 шілде 2020, 13:56 3 446 рет қаралды
Баласы үшін ата-анасы айыппұл төлейді Оқиға

Баласы үшін ата-анасы айыппұл төлейді

1 шілдеден бастап Атырауда 40 мас жүргізуші ұсталды, оның ішінде 6 әйел мен жасөспірім бар. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөпірім мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз болған. Ал оның жасына сай куәлік берілмейді де. 27 шілде 2020, 16:10 4 124 рет қаралды
Атыраудағы педофилдер: кім қамауда отыр, кім шықты Оқиға

Атыраудағы педофилдер: кім қамауда отыр, кім шықты

Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған адамды жазалау үшін өздеріне беруді талап еткен жергілікті тұрғындардың наразылығы біздің өңірімізде тергеліп жатқан педофилдік істер мен оларға қатысты үкімдерді еске салды. Толығырақ - «AЖ» материалында. 25 шілде 2020, 17:11 4 914 рет қаралды
Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды Оқиға

Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды

16 шілдеде №2 қалалық сот Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысына үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, маусымның басында ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. 18 шілде 2020, 14:19 3 324 рет қаралды
Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды Оқиға

Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды

17 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Атырау облыстық ПД су полициясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданғанын хабарлады. ҚР ҚПК 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің жеделдетілген тәртіппен аяқталғаны нақтыланады. 18 шілде 2020, 15:47 3 600 рет қаралды
Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды Оқиға

Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды

Индер аудандық соты екі полиция қызметкеріне бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Естеріңізге салсақ, полиция қызметкерлері - 31 жастағы Асылхан НЫСАНОВ пен 23 жастағы Наурызбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВҚА Есбол ауылының тұрғындарына қарсы арнайы құралдарды заңсыз қолданды деген айып тағылған еді. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 16 шілде 2020, 15:02 7 646 рет қаралды
Полиция Атыраудағы алғаш коронавирус жұқтырғандардың деректерін жариялаған адамды әлі іздестіруде​ Оқиға

Полиция Атыраудағы алғаш коронавирус жұқтырғандардың деректерін жариялаған адамды әлі іздестіруде​

Атырау облыстық полиция департаменті коронавирус туралы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тоқтатты. Бірақ полицейлер Атырауда алғаш ауырған науқастардың жеке деректерін әлеуметтік желіге «жариялаған» адамды әлі де іздестіруде. 6 шілде 2020, 12:50 4 999 рет қаралды
Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты Оқиға

Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Р. есімді азамат тәртібі мен еңбегі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.  4 шілде 2020, 12:20 4 530 рет қаралды
Іс тоқтатылды, бірақ итті қорлаушы кешірім сұрады Оқиға

Іс тоқтатылды, бірақ итті қорлаушы кешірім сұрады

Атырау облысының полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы жантүршігерлік көріністер көпшіліктің наразылығын тудырды. Көп кешікпей итке қорлық көрсеткен адам сол желі арқылы жұрттан кешірім сұрады. 3 шілде 2020, 11:11 3 908 рет қаралды
Дәріханаға түскен ұры памперсті де ұмытпады Оқиға

Дәріханаға түскен ұры памперсті де ұмытпады

27 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Азаттық даңғылындағы дәріханалардың бірін тонады. Ол түнде пластик терезені ығыстырып, ішке кіріп, ноутбукты, түрлі дәрі-дәрмектер (олардың арасында ыстық түсіретін дәрінің бар-жоғы айтылмады) мен памперстерді қолды қылған. 2 шілде 2020, 13:11 3 312 рет қаралды