Атырау, 11 мамыр 07:42
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«Армян» көліктері үшін жасалған жалған құжаттар анықталуда

3 123 просмотра

Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, «армян» автокөліктерін тіркеу науқаны басталғалы осы көліктерге қатысты «түзетілген» 5 жалған техникалық төлқұжат анықталды.

- Мамандандырылған ХҚКО-дан Полиция департаментіне жалған құжат жасаудың бес фактісі бойынша материалдар түсті, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. - Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал бұл құжаттар сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде жалған техникалық құжат жасалған көліктер Атырау ҚПБ айыптұрағына қойылады.

Бұдан бұрын «AЖ» Атырауда Армениядан әкелінген көлікке жалған техникалық құжатты тапсыру кезінде ер адам ұсталды деп хабарлаған еді. Бұл бірінші жағдай болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қыркүйек 2020, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.