Атырау, 27 сәуір 01:36
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау тұрғыны өзінің «армян» көлігін сатпақ болған, бірақ бұған тыйым салынған

4 837 просмотра

Атырауда Армения елінен әкелінген көлікке жалған техникалық төлқұжат жасаған қала тұрғыны мамандандырылған ХҚКО-ға құжат тапсырып жатырған кезінде ұсталды.

Заңнамаға сәйкес, Армения елінен Қазақстанға алып әкелінген көлікті өз атына тіркей алады, бірақ көлік өмір бойына сол адамның атына тіркеулі болады, оны сата алмайды. Осыны білген атыраулық азамат көлікті сатар кезде, көлікті сатып алушының атына заңсыз аударып, жалған төлқұжат жасап, көлігін мемлекеттік базаға тіркемек болған. Техникалық төлқұжаттың жалған екенін көрген мамандандырылған ХҚКО орталығының қызметкерлері заң бұзушының полицияға тапсырды.

Бұл Атырау қаласында тіркеліп отырған алғашқы жағдай. Біздің қызметкерлер нұсқаунаманы біледі - үстеліне жалған құжат келген жағдайда, бірден полицияға хабарлайды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша басшысы Мұса ХАЙРУЛЛИЕВ. – Қазір Полиция департаменті тексеріс жұмыстарын бастап кетті.

Айта кету керек, Атырау облысында 3500-ден астам «армяндық» көлік заңсыз тіркелген.

Фархат ӘБІЛОВ

Мамандандырылған ХҚКО ұсынған сурет

11 қыркүйек 2020, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.