Атырау, 5 желтоқсан 10:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау тұрғыны төсегінде жатып есірткі дайындай алады

3 902 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үйінде марихуана өсіретін шағын жылыжайды анықтады.

- 50 жастағы Атырау тұрғыны жатын бөлмесінде ауа желдеткіші бар, сондай-ақ температуралық және жарық режімін сақтайтын шағын жылыжай салып алған. Тінту кезінде ол жерден голландия марихуанасының бұталары өсіп тұрған төрт құмыра табылды. Ұсталған тұрғынның айтуынша, ол мұның бәрін сату үшін емес, өзі үшін өсірген. Кейіннен расында оның қан құрамында есірткі бар екені анықталды, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі («Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында «агрономның» өсімдік тұқымын қайдан алғанын және ол қылмыстық бизнесті құруды үлгерді ме, жоқ па, соны анықтауы керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

12 қазан 2020, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.