Атырау, 18 қаңтар 15:43
 ашықВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Ұры алыстан келмепті

3 207 рет қаралды

Индер кентінде жол салып жатқан ЖШС-де 126 дана жол жиектері қолды болды. Полицейлер ұрының алыстан келмегенін болжап, күдіктінің кім екенін анықтады.

- Жедел іздестіру шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол сол құрылыс мекемесінің 25 жастағы жұмысшысы болып шықты, - дейді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ.

Жас жігіттің ұрланған мүлікті жергілікті тұрғынға арзан бағаға - 30 мың теңгеге сатып жібергені анықталды. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 тамыз 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.