Атырау, 2 мамыр 15:43
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда полиция ротасының командирі қарамағындағыларды өзіне пара беруге мәжбүрлеген

Толықтырылды
4 461 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командирі М-ға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол қызмет кезінде қамқорлығы үшін қарамағындағылардан бопсалап, жүйелі түрде 5 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.

- Сот М-ға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі. - Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

«AЖ» сайтында жарияланғаннан кейін полиция департаментінің баспасөз қызметі комментарий берді:

- Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген қызметкер теріс бағасын алып, ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұдан басқа, жергілікті полиция қызметінің басшылары лауазымынан босатылды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 тамыз 2020, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.