Атырау, 18 қаңтар 15:07
 ашықВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Жел құрылыс ұрыларын әшкереледі

3 494 рет қаралды

Атырау облысының прокуратурасы облыс орталығындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 қалалық орта мектепті күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады.

2017 жылы мектепке 279 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

- Өте көп қаражат бөлінді. Сондықтан биыл наурыз айында әлсіз жел салдарынан ғимараттың қаптамасы қалай түсіп қалды деген сұрақ туындады, - деп хабарлайды «АЖ» тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. - Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ орындалмаған жұмыстар салдарынан мемлекетке 25 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Прокуратура жинаған материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 тамыз 2020, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.