Атырау, 28 наурыз 19:30
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Сәлемдеме тапсырыс берушіге жетпеді

3 516 просмотра

Атырауда ерлер колониясының (УГ-157/9) дуалынан 4 ұялы телефон салынған пакет лақтырған Жұлдыз ықшамауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол телефондардың бірінен суретін өшіруді ұмытып кетіпті.

- Мекеме күзетшісі белгісіз біреудің дуалдан скотчпен оралған пакетті лақтырып жібергенін байқап, полиция департаментінің тергеу-жедел тобын шақырды. Пакеттен төрт Samsung ұялы телефоны, қуаттау құрылғылары, SIM-карталар және екі 4G модемі табылды, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Телефондарды тексерген кезде колония қызметкерлері «курьердің» суретін тапты. Оның пробациялық есепте бар екені және бұрын «сәлемдемеге» тапсырыс берген сотталушылардың бірімен қысқа уақытқа кездескені белгілі болды. Ал тапсырыс берушіні түнде дуал жанынан сәлемдемені іздеп жүрген жерінен ұстады.

Әкімшілік соттың қаулысымен сәлемдеме жеткізушіге ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, ал колония әкімшілігі сәлемдеме алуға тырысқан сотталушыға тәртіптік жаза тағайындады.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қыркүйек 2020, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.