Атырау, 5 желтоқсан 10:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау полицейлері браконьерді 6 центнер қызыл балықпен ұстады

3 447 рет қаралды

14 қазанға қараған түнде Дамба ауылы маңындағы Жайықтың бір арнасында су полициясының қызметкерлері «Yamaha» моторлы қайығын тоқтатты. Онда жалпы салмағы 625 кг бекіре тұқымдас 238 дана балық болды. Қайықты Жаңаталап ауылының 31 жастағы тұрғыны басқарды.

- ҚР ҚК 339-бабы ("Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Облыстың бас полицейі біздің өңірде 10 қыркүйектен бастап 31 қазанға дейін браконьерлікпен күресуге бағытталған «Бекіре» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатқанын еске салды.

Фархат ӘБІЛОВ

ПД ұсынған сурет

14 қазан 2020, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.