Атырау, 26 сәуір 19:34
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Асаба ісі»: сотта өтірік айтпау керек

4 272 просмотра

№2 Атырау қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің сирек қолданылатын 420-бабы - «Куәгердің көрінеу жалған айғақтары» бойынша сот процесі аяқталды.

Бәріміз де америкалық фильмдерден сот процесі туралы көріп жүрміз, онда қатысушы Інжілге немесе Конституция кітабына қолын қойып, «Тек қана шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін» деп айтады. Егер ол өтірік айтса, қылмыстық жауапқа тартылады.

Бізде де осындай жағдай болды. Ауылдастар арасындағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан сағыздық асаба Беркін «AЖ» оқырмандарының есінде шығар. Кейін оның үш жерлесі ҚР Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша сотталды. Бұл істі қарау кезінде төбелеске қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынды. Енді сол кезде қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілсе де, алты куәгердің жалған айғақ бергені анықталды.

- Судьяның төрағалығымен қылмыстық істі қарау нәтижесі бойынша Сағыздың алты тұрғынына жалған айғақ беру фактісі бойынша жеке шешім шығарылды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. - Нәтижесінде арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Тергеу нәтижесінде алты куәгер де өз кінәсін мойындап, өз әрекеттерін айыпталушыларды жауапкершіліктен босату үшін сотта жалған айғақ бердік деп түсіндіріп, прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасады.

Қазір №2 қалалық сотының үкімімен төртеуі кінәлі деп танылып, оларға сынақ мерзімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған екеуі өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасады.

Фархат ӘБІЛОВ

9 қазан 2020, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.