Атырау, 25 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысының бас салық қызметкері ант қабылдап, 10 жылға сотталды

4 009 просмотра
Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВ

№2 қалалық соты Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТЫ ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Қорқытып алу арқылы пара алу») бойынша  10 жылға бас бостандығынан айырды. Естеріңізге салсақ, облыстың бұрынғы бас салық қызметкері өткен жылдың желтоқсан айында ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ол МКД әкімшілік басқару басшысынан «қызметін өсіру және жалпы қамқорлық» жасағаны үшін талап етілген 10000 доллардан 3000 доллар пара алды деген күдікке ілінді. Соңғы жылдары жергілікті жоғары лауазымды шенеуніктерге қолданып жүрген әдіс бойынша Жұлмұхамбетовты тұтқындауға жемқорлықпен күрес қызметкерлерінен құралған астанадан арнайы топ келді. Рас, кейін пандемия кезінде денсаулығына байланысты ол түрмеден үй қамағына алынды.

Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу алты айға созылды, ал сот процесі төрт айдан астам уақыт жүрді. №2 қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс барысында Жұлмұхамбетовтың кінәсі толық дәлелденді:

- Оның қабылдаған «ҚР мемлекеттік қызметшісінің антын» бұзуы ауырлататын жағдай деп танылды. Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысының ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот нақты бас бостандығынан айыруды ұзақ мерзімге тағайындауды әділ деп тапты, - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Фархат ӘБІЛОВ

13 қазан 2020, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.