Атырау, 29 наурыз 18:51
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мақаттық кісі өлтіруші бар кінәні өз мойнына алды, бірақ полиция оның екі сыбайласын іздестіруде

5 020 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты кісі өлтірді деп айыпталған 18 жастағы Мақат ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, ол былтыр 18 сәуірде Атырауда 32 жастағы жерлесін шолақ мылтықпен атып тастаған еді.

Оқиға былтыр 16 сәуірде Привокзальный ықшамауданында «Мұрагер» базарына жақын жердегі бес қабатты үйлердің бірінің маңында болған. Келесі күні әлеуметтік желіде күдіктіге жасалған бағдар ғана емес, бақылау камерасына түсіп қалған жазба да таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрдан көліктердің жанында тұрған ер адамға біреу жақындап, шолақ мылтықтан оқ атып, ер адамның құлағаны анық көрінеді. Кейін өлімші боп жараланған 32 жастағы Мақат ауылының тұрғыны есін жимастан облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Көп ұзамай полиция күдіктіні ұстады, ол марқұмның 17 жастағы жерлесі болып шықты. Оның шын мәнінде 16-калибрлі аңшы мылтығынан оқ атқаны, ал қатыгездікпен өлтіруіне «жек көрушіліктің» себеп болғаны анықталды.

Ол тергеу изоляторында бір жылдан астам уақыт қамауда болды, сол жерде 18 жасқа толды. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – 99-бабы («Адам өлтіру») және 287-бабы («Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру») бойынша кінәлі деп тауып, жоғары қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде (қатаң режимдегі колонияда) 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

- Сотталушы кінәсін мойындап, қылмысты жалғыз өзі жасағанын айтты, бірақ полицияның оның екі сыбайласы болған деуге негізі бар. Қазір олардың жеке басы анықталды, іздеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

27 қыркүйек 2020, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.