Атырау, 9 ақпан 11:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Индер ауданында ауыр жол апаты болды

6 198 рет қаралды

15-ші тамыз күні сағат 17.30 шамасында Индер ауданы аумағында жол апаты болып, қайғылы жағдай орын алды.

Бейресми ақпарат бойынша «Атырау-Индер» трассасының Индербор кентінен 10 шақырым жерде «ВАЗ-2109» көлігі басқа көлікті басып озамын деп қарсы беттегі «КамАЗ» көлігіне соқтығысады. Зардап шеккен 23 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін көз жұмады.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс көтерілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 тамыз 2020, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.